Сарапшы ғалымдарды ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасауға шақырамыз.

22 шілде 2020 ж. 33659 5

2020 жылдың 1 тамыз күні сағат 12:00 де мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеу мақсатында сарапшылардың қатысуымен онлайн форматта алғашқы пікірсайыс өтеді.

Бүгінде Қазақстан Республикасының үкіметі Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында кешенді шараларды жүзеге асыруда. Қазақстан Республикасының Президенті ҚК Тоқаев жақында, 2020 жылдың 27 мамыр күні өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында еліміздің  ғылым саласын қаржыландыру көлемі 2025 жылға дейін ЖІӨ-нің 1% -на жеткізу қажеттігін айтқан болатын. (https://elorda.info/news/27052020/173635/16961.html)

Сонымен қатар Президент зерттеулер мен ғылыми жұмыстардың барлығы бірдей қаржыландырылмайтынын хабарлады.  Әрбір ғылыми жұмыс техникалық, өндірістік, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тиімді болуы шарт. Талап қатаң болады.

 Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру Ұлттық ғылыми-техникалық міндеттер негізінде бөліну қажет. Осы орайда бар күшіміз бен  мүмкіндіктерімізді  медико-биологиялық зерттеулер, аграрлық ғылым, «жасыл» технологиялар, жасанды интеллект, энерготиімділік сынды салаларға бағыттаған жөн.

Шара аясында сарапшы ғалымдар, ҰҒК, университеттер мен ҚР білім және ғылым Министрлігінің өкілдері келесі негізгі тақырыптарды талқылауға шақырылады:

  1. Қазақстан ғылымының қазіргі жағдайы: өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары;
  2. Қазақстандағы ғылыми техникалық қызметтің негізгі мақсаттары: басым бағыттар.

Онлайн пікірсайыс форматында өтетін шара аясында әр қатысушы өз пікірімен бөлісіп, ұсыныс жасай алады. Пікірсайыс «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қорының онлайн алаңында өтеді. Сілтеме тіркеуден өткен барлық қатысушыларға жіберіледі.

Аталмыш шараны Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасы аясында «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры ұйымдастырып отыр.  

Пікірсайысқа қатысу үшін төмендегі  сілтеме арқылы арнайы форманы толтырып, тіркелу қажет https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeFeedC7aPs-U1qLatyFrcBMhgRD2Hz-qZMQGhmS4ieSRtD1Q/viewform

Тіркелу кезеңі 2020 жылдың 28 шілдесінде сағат 23:59 дейін жалғасады.

 

Анықтама: «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен институционалдық реформаларды жүргізуге арналған Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау» бағдарламасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының бастамашылық етуімен жүзеге асырылуда. Екі жүз салалық сарапшы экономиканың 11 саласының өзекті мәселелерін шешу үшін енбектенуде. Бүгінде командалар экономикаға өзгеріс әкелетін ұсыныстар жасау үшін білім алып жатыр. ҚР Үкіметі командалар нәтижесімен 2020 жылдың желтоқсан айында танысатын болады.

Түсініктеме қалдыру

В любом случае эксперты изучают и будут выносить односекторальные решения. Для Казахстана с малым населением, большими расстояниями, значительной долей иностранного бизнеса необходимы межсекторальные решения. Еще в 2010 г Елбасы обращаясь к Правительству и депутатам просил обратить внимание на предложения межсекторального характера. Успех нашей науки и образования нужно видеть в межсекторальных проектах. С уважением член ННС "Наука о жизни здоровье" Бисмильдин Х. Б. 
Добрый день.. подскажите когда заработает ссылка для регистрации?
Контент заблокирован администрацией сайта
Здравствуйте! Ссылка для регистрации не работает, как можно зарегистрироваться?
Контент заблокирован администрацией сайта
Слишком много желающих?
Добрый день! Хотел узнать, завтра (1 августа 2020г.) на какой платформе будет проходить данное мероприятие? Регистрацию прошел до указанного времени (дедлайна), но на почту ничего не пришло (моя почта - tulebaeverbolat@mail.ru). Буду благодарен за ответ!