Жас ғалымдарға грант алуға арналған байқаудың қорытындысы шығарылды

24 қыркүйек 2020 ж. 24784 0
news-image-main

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жобалары мен жұмыстарын қаржыландыруға арналған гранттар байқауының қорытындысын жариялайды. Аграрлық ғылым, химия, медицина және философия саласындағы жобаларды ұсынған қазақстандық төрт жас ғалым байқау жеңімпазы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, байқау 2020 жылдың 20 наурызы мен 20 мамыры аралығында өтті. Оған еліміздің жас ғалымдары  барлығы 139 ғылыми жоба ұсынды. Байқау 2008 жылдан бері өткізіліп келеді, мақсаты импортты алмастыруға әлеуетті, инновациялылығы мен әлеуметтік маңыздылығы жоғары Қазақстанның жас ғалымдарының неғұрлым перспективалы ғылыми әзірлемелеріне қолдау көрсету.

Жыл сайын байқауға ғылыми дәрежесі бар (ғылым кандидаты не ғылым докторы, не философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор), 40 жастан аспаған, ғылыми зерттеулерге белсенді қатысатын, Қазақстан азаматы болатын ғылыми қызметкерлер  (ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін адамдар) қатысады.

Байқау жеңімпаздары:

  • Әлиханов Қуантар Дәуленұлы, Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің қауымдастырылған профессоры, «Қауіпсіз қосылыстар негізінде инфекциялық аурулардың алдын алу және жою үшін қазіргі заманғы санация құралдарын әзірлеу» ғылыми жобасы.
  • Малмақова Айгүл Ербосынқызы, А. Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының бас ғылыми қызметкері, «Бидайдың өсіп-өнуінің әлеуетті стимуляторлары ретіндегі жаңа фторалмастырғыш аминофосфонаттар» ғылыми жобасы.
  • Төлеутаев Рүстем Мұхтарұлы, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, «Қолқа аневризмасы кезінде қолқа мен қолқа қақпақшасын ауыстырудың инновациялық әдісі»  ғылыми жобасы.
  • Тоқтаров Ермек Бауыржанұлы, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰҒЗУ ғылыми қызметкері, «Қазақстандағы ұлттық бірегейліктің символдық капиталы» ғылыми жобасы.

Түсініктеме қалдыру