«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ

Мемлекеттік тілді дамыту қоры 2008 жылы Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды.

Қордың негізгі мақсаты – қазақ тілін дәріптеу, әлемдік қоғамдастықта мемлекеттік тіл мен әдебиеттің әлеуетін қолдау және насихаттау, мемлекеттік тілді үйренуде инновациялық оқыту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, жастарды қазақ тілін тереңдетіп оқуға, халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін тануға баулу, қазақ тіліндегі электрондық ақпарат кеңістігін дамытуға ықпал ету, сандық білім беру ресурстарын дамыту болып табылады.Қор құрылғалы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған 200-ден астам іс-шаралар мен қоғамдық жобаларды жүзеге асырды.

Бұған елімізде тұңғыш рет қазақ тілін онлайн режимінде тегін үйрететін «Soyle.kz» интернет-порталы, «Tattialma.kz» танымдық балалар әдебиеті сайты, «Abaialemi.kz» тұңғыш энциклопедиялық онлайн порталы, «Qazaqstan 3D» веб-сайты мен мобильді қосымшасы, «Кім білгіш?» атты тұңғыш интеллектуалды мобильді ойыны, «Менің Қазақстаным», «Қазақстанның Ұлы Тұлғалары», «Қазақстанның мерекелері», «Жеті қазына» мобильді қосымшалары, смартфондар мен планшеттерге арналған латын әріптерімен қазақша пернетақта «Qazaq Latyn Keyboard», іс қағаздарды, ресми құжаттарды мемлекеттік тілде сауатты әзірлеу және еркін жаза білуге үйрететін «Resmihat.kz» ақпараттық-анықтамалық порталы жатады.