Жоба туралы ақпарат

Qabilet - кәсіби бағдарлау құралдары

Бағыт типі

Бiлiм беру

Құжаттар

Жоқ

Жобаның жоспарланған басталу уақыты
2020 жылдың күзі

осень 2020 года

Жауапты тұлғалар

Башарова Камила Куанышбайқызы
Балалар мен жастардың қабілетін анықтау және дамыту орталығының басшысы
k.basharova@elumiti.kz

QABILET - Кәсіби бағдарлау құралдары

Жоба мақсаты – мектеп оқушыларына тестілеу мен диагностика құралдары арқылы оқыту мен дамыту бағытын таңдау үшін өз қабілеттерін анықтауға мүмкіндік беру, болашақ кәсіптерінің өңірлік орталықтары базасында консультациялық көмек алу.

Жоба міндеттері

Кәсіптерді дамытудың 2030 жылға дейінгі перспективалы бағыттарын, олардың өзгерістерін, жаңаларының пайда болуын немесе өзекті емес жағдайлардың жойылуын ескере отырып айқындау.

Жоба кәсіби бағдар бойынша құралдарды енгізу үшін бағытталған. Сіз білетіндей, өзекті мамандықтардың орнына басқалары келетіні әбден мүмкін, әлем бір орында тұрмайды. Бүгінгі күні ЖОО-на түскен кезде сіздің мамандығыңыз оқудың аяқталуына дейін өзекті болатынына кепілдік жоқ. Бүгінгі оқушыларға өз таңдауын алдын ала айқындау өте қиын. Сондықтан, Қордың мамандары мен серіктестері халықаралық тәжірибені зерделеп, сұранысқа ие мамандықтар тізімін анықтау және болжау әдістемесін зерттей бастады. Осы бастаманың арқасында еліміздің әрбір оқушысы тест өте отырып, өзінің қабілетін анықтап, өмірде табысты болу үшін өз бағытын таңдап оны дамыта алады.