Жоба туралы ақпарат

Ұлы дала аңыздары

Құжаттар

Жоқ

Жауапты тұлғалар

Қамысбаева Сұлушаш Иманқұлқызы
"Мемлекеттік тілді дамыту қоры" КҚ жоба менеджері
s.kamisbaeva@bk.ru
Шауеев Азат Садметұлы
"Мемлекеттік тілді дамыту қоры" КҚ директоры
info@qazaq-found.kz

«Ұлы дала аңыздары» жобасы ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткен  қазақ халқының тарихы мен аңыздары туралы сыр шертетін «Ұлы махаббат туралы жеті хикая» және «Қазақ жерінің ұлы батырлары» деп аталатын екі бөлімнен тұрады.

Аңыздар мазмұны Қазақстанның киелі орындарының тарихымен астасып жатыр, әңгімелер арқауы көпшілікке киелі жерлер туралы толығырақ мәлімет алуға мүмкіндік береді.

«Ұлы дала аңыздары» онлайн жобасы аясында веб-графикалық романдар сериясы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Qazcomics.kz» веб-сайты мен мобильді қосымшасы әзірленді. Қазіргі таңда «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу», «Жұмбақтас», «Еңлік Кебек», «Шайтанкөл», «Естай - Қорлан», «Ертөстік», «Балхаш», «Айша бибі», «Алпамыс» туындылары жарық көрді.