Жоба туралы ақпарат

Birge oqý - қашықтан оқыту мектебі

Қатысқым келеді!
Өтінім беру

Елбасы Академиясы «Birge Oqý» онлайн мектебінің ұжымы онлайн педагог, үйлестіруші және  тьютор  бос жұмыс орындарына байқау жариялайды.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 9 қыркүйектен 19 қыркүйекке дейін (қоса алғанда).

Жауапты тұлғалар

Аршабаева Айжан Бірлікқызы
"Birge oqý" жоба менеджері
a.arshabayeva@elumiti.kz

"Birge Oqý" - қашықтан оқыту мектебі - қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, қосымша білім беретін ұйым.


Қашықтан оқыту мектебінің мақсаты - сапалы білім беру және озық цифрлық білім беру ресурстары мен сервистеріне қол жеткізу, педагогтар мен ата-аналарға әдістемелік қолдау көрсету.


Мектепте оқу келесі білім беру бағдарламалары бойынша беріледі:

  1. педагогикалық кадрлар жетіспеген жағдайда оқу процесінt педагогикалық қолдауға бағытталған тірек мектебінің оқушыларына арналған толық оқу бағдарламасы;
  2. пәндік білімдегі олқылықтарды толтыру мақсатында білім алушыларға арналған бейімделген бағдарлама;
  3. оқушыларды халықаралық пәндік олимпиадаларға дайындау бағдарламасы;
  4. білім алушының таңдауы бойынша қалыптасатын жеке бағдарлама.

Қазіргі уақытта қашықтан оқыту мектебіне үйлестірушілер, мұғалімдер мен тьютерлерді конкурстық іріктеу жүргізілуде.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 9 қыркүйектен 19 қыркүйекке дейін (қоса алғанда).

Біліктілік талаптары: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім, тиісті бейіндер бойынша жоғары арнайы педагогикалық немесе жоғары кәсіптік білім және/немесе ағылшын, қазақ, орыс тілдері, математика, физика, химия, биология, жаратылыстану пәндері бойынша халықаралық олимпиадалардың жүлделі орындарының болуы.

Байқауға қатысу үшін сілтеме бойынша тіркеу формасын толтыру қажет.

Толық ақпаратты call-орталықтың  7170 нөмірі бойынша алуға болады - қоңырау шалу тегін.