Birge oqý - қашықтан оқыту мектебі
«Ел Үміті» бастамасы аясында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «El Umiti» корпоративтік қоры жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп бірқатар жобаны жүзеге асырып жатыр. Бастама жобасының бірі «Birge Oqý» онлайн мектебі – бұл қосымша білім беру мен академиялық қолдаудың бірегей моделі.
Бұл оқытудың мақсаты қала мен ауыл балалардың білімі мен ақпараттық теңсіздігін қысқарту арқылы мектеп оқушыларын академиялық қолдау, қабілеті мен дағдысын дамыту.
Тапсырмалар:
1) нысаналы аудиторияны барынша қамту үшін білім беру порталын дамыту;
2) синхронды және асинхронды оқыту жүйесін құру;
3) өзекті және қызықты мазмұнды қалыптастыру;
4) оқу үдерісін геймификациялау;
5) «Мың Бала» олимпиадасының финалистерінен бастап ауылдық және шағын жинақты мектептерге дейінгі аудиторияны қамту.
2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде 6-8 сыныптағы 8 мыңнан астам бала онлайн оқудан өтті. Оқыту аясында еліміздің барлық өңірі қамтылды.
2022 жылы жобаның форматы толығымен асинхрондыға өзгерді, бұл онлайн мектептің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.