Ғылыми қауымдастықты қолдау

Біздің бағдарламалардың арқасында жыл сайын болашағынан зор үміт күттіретін ондаған жас ғалым өз зерттеулерін жүргізеді, ғылыми жаңалықтар ашады, маңызды конференциялар мен форумдарға қатысады, халықаралық ғылыми қоғамдастықпен байланыс орнатады.
Мұндай бағдарламаларды іске асыру үшін Қор жанында Ғылым жөніндегі кеңес құрылған, оның құрамына еліміздің барлық ірі университеттері мен ғылыми орталықтарының атынан қатысатын жас ғалымдар кіреді.
Әлеуметтік навигатор
Жобалар

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік шәкіртақылары
Шәкіртақы байқау қорытындысы бойынша дербес беріледі және жалпыға ортақ белгіленген шәкіртақыдан бөлек төленеді.

Қордың ғылым, мәдениет және өнер саласындағы сыйлығы
Сыйақы байқау негізінде айрықша шығармашылық жобалар және соңғы ғылыми зерттеулерге беріледі.

Ең Үздік Жас Ғалымдар Кеңесі
ҚР ғылыми ұйымдары мен ЖОО-да үздік ЖҒК атағын иеленуге арналған Қор байқауы.

«Science Slam» турнирі
Ғалымдардың интеллектуалдық тартысы форматында өтетін Қордың жаңа жобасы. Жоба ғылыми-танымдық форматта өтеді