Әлеуметтік жобалар

Қор жыл сайын ерекше қажеттілігі бар балалар мен қолдауға мұқтаж топтар үшін түрлі әлеуметтік жобалар ұйымдастырады. Біз жынысына, жасына, физикалық немесе психикалық жағдайына қарамастан әрбір қазақстандық үшін тең жағдай мен мүмкіндікті қолдаймыз.
Қордың бұл саладағы маңызды жобасының бірі – Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі. Оның мақсаты – қоғамның өзекті әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешу үшін коммерциялық емес қоғамдық ұйымдардың жобаларын қолдап, оларды іске асыру.
«Аман келешек», «Жаңа көзқарас» бағдарламалары, жыл сайынғы балалар арасындағы паралимпиадалық бастамалар – балалар үйлерінің, сонымен қатар арнайы мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілеріне арналған инклюзивті білім беру жобалары.
Әлеуметтік навигатор
Жобалар

Әлеуметтік идеялар және жобалар жәрмеңкесі
Бұл арасынан топ-үздік жобалар таңдалынатын коммерциялық емес ұйымдардың көрмесі мен тұсаукесері. Жеңімпаздар саны мен жобаны жүзеге асыруға кететін қаржыландыру сомасын байқау комиссиясы жобаның ерекшеліктеріне байланысты жеке анықтайды.

«Жеңістерге бірге» - «Вместе к победам» паралимпиадалық старт
Жоба 2017 жылдан бастап «Ұлттық Дельфий комитеті» КҚ-мен бірлесіп іске асырылуда. 2018, 2019 жылдары жобаның аумағы еліміздің 9 өңіріне дейін кеңейді.

Әлеуметтік іс-шаралар
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының әлеуметтік іс-шаралары мен қайырымдылық акциялары.

ҮЕҰ үздік жобалары
Қор қарамағында шамамен 5 мың үкіметтік емес ұйым бар және олар екі жүзден астам әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға көмектесті. Жобалардың ішіндегі ең маңыздысы "Әлеуметтік идеялар және жобалар жәрмеңкесі" аясында ұйымдастырылды.

Аман Келешек
«Аман Келешек» — бұл мектеп оқушыларын спорт пен шығармашылыққа дағдыландыратын шеберлік сағаттарының инклюзивті фестивалі.

«Жаңа көзқарас» республикалық фотокөрмесі
Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған француз фотографы Эрик Ваззолердің шеберлік сабағын, сонымен қатар олардың туындыларының фотокөрмесін өткізу.