Қор стипендиясы — дарында жастарды тану және қолдау
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының басты жобасының бірі студенттік стипендиялар байқауы. Бұл елдің белсенді әрі дарынды студенттерін анықтауға, ынталандыруға көмектеседі. Стипендиаттар ғылымда, шығармашылықта және әлеуметтік пайдалы істе қабілетін көрсететін оқу үздіктері. Олар үшін стипендия жетістіктерін мойындау ғана емес, сонымен қатар олар дамуды және өзін-өзі жетілдіруді жалғастыру үшін пайдаланатын материалдық қолдау.