«Бала дауысы» IV маусымы аяқталды
Республика сарайының сахнасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, «Жандану әлемі» Қоры өткізген «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының төртінші маусымының қорытындысы шығарылды.
Алматыда II Еуразиялық шығармашылық форум өтті
«Каспий – Еуразиялық өркениеттің бесігі» атты II Еуразиялық шығармашылық форумда ғалымдар мен өнер қайраткерлері ғылым мен мәдениет мәселелерін талқылады. Еуразиялық шығармашылық одақ ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдауымен өз көзқарасын білдіру, идеялармен алмасу және осы екі саланы дамыту мәселелері бойынша шешу жолдарын белгілеу мүмкіндігін береді.
Жастар туризмі іс-әрекетте. Алматыда Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінің жеңімпаз жобасының тұсаукесері өтті
2019 жылы 22 қазанда Алматы қаласының «Visit Almaty» туристік хабында «Туған жер: туған өлкеге саяхат» жобасының тұсаукесері өтті. 2019 жылдың жазында «Almaty Nomad» саяхатшылар клубы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының қоры гранттық қолдауымен Қазақстанда жастар туризмін дамыту жобасын жүзеге асырды.
Елбасының Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңесінің делегациясы Беларусь Ұлттық ғылым академиясында сөз сөйледі
Минскіде 14-17 қазан аралығында «Жастар ғылымда — 2.0'19» атты XVI Халықаралық ғылыми конференция өтті, оған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының делегациясы қатысты. Бұл форум Беларусьтің ірі ғылыми іс-шараларының бірі ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінің, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің талантты жастарының жобаларын таныстыру үшін беделді алаң болып табылады.
Тұңғыш Президент Қоры Алматыдағы «Аман келешек» инклюзивті фестиваліне үш мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді жинады
Өткен демалыс күндері Алматыдағы Б. Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында балалар күлкісі таратылды, жас қазақстандықтардың орындауында белгілі әндер шырқалды, сондай-ақ даму ерекшеліктерімен нормотипті балалар мен олардың құрдастарының қатысуымен спорттық ойындар мен эстафеталар өтті. Онда Алматы әкімдігінің қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдерге арналған «Аман келешек» VI Республикалық инклюзивті фестивалі өтті.
«Аман келешек» балалар мен жасөспірімдерге арналған инклюзивті фестиваль жаңа форматта өтеді
19 қазанда /сенбі/ ҚР Тұңғыш Президент Қоры Алматы әкімдігінің қолдауымен алтыншы рет «Аман келешек» - «Здоровое будущее» инклюзивті фестивалінің күмбезінің астында балалар мен жасөспірімдерді жинайды. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтендіруде ерекше балаларды қолдауға арналған фестивальде Алматы қаласы мен еліміздің басқа өңірлерінен 3 000-нан астам қатысушы жиналады. Елбасы Қорының әлеуметтік маңызы бар жобасының басты серіктестерінің бірі БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстан болды.
Елбасының Қоры ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстанға не береді
Алматыда Еуропалық логистикалық қауымдастықтың (ELA) құрамына кіретін логистерді сертификаттау ұлттық орталығы ашылды. ELA логистерді оқытумен, логистика бойынша жалпыеуропалық стандарттарды әзірлеумен, кәсіби логист біліктілігін берумен, түрлі елдердің логистерінің білімі мен тәжірибесімен алмасу үшін конференциялар мен семинарлар ұйымдастырумен айналысады.
Игорь Рогов Мәскеу қ. халықаралық конференцияға қатысты
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Рогов Игорь Иванович «Халықаралық жеке құқықты дамытудың үрдістері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Алматыда «The Planet of ART-2019» халықаралық фестивалінің финалистері марапатталды
Республика сарайының сахнасында Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының федерациясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен бірлесіп ұйымдастырған «The Planet of ART-2019» халықаралық фестиваль – байқауының жабылуы өтті.
Атты жас ғалымдардың ХІІІ Халықаралық ғылыми конференциясы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы ғылым жөніндегі кеңес 2019 жылдың 7-8 қарашасында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетімен бірлесіп «Қазіргі Қазақстандағы инновациялық даму және ғылымның қажеттілігі» атты жас ғалымдардың ХІІІ Халықаралық ғылыми конференциясын ұйымдастырады.
Елбасының Қоры мен «Jas Otan» жастар қанаты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
Бүгін Алматыда Тұңғыш Президент Қоры мен «NurOtan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының филиалы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Алматыда «The Planet of ART-2019» халықаралық фестиваль-байқауының финалы өтеді
2019 жылғы 9 қазанда /сәрсенбі/ Республика сарайының сахнасында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры мен Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының федерациясы ұйымдастырған «The Planet of ART-2019» халықаралық фестиваль – байқауының жабылуы өтеді.
«Қазақстандық қоғамның әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары» зерттеу жұмысының қорытындысы жарияланды
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) мен Фридрих Эберт атындағы қор өкілдігі бірлесе "Құндылықтар: бізді не жақындастырады және не алшақ етеді?" тақырыбында ғылыми конференция ұйымдастырды.
Конференция аясында 2018 жылы Фридрих Эберт қоры жүргізген "Қазақстандық қоғамның әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары" атты зерттеу жұмысының таныстырылымы өтті.
Бесағаш ауылында Елбасының қоры қолдауымен «Дарын» өнер мектебі ашылды
Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылының әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларының балаларына сүйікті ісімен айналысуға, атап айтқанда ән айтуға, би билеуге және музыкалық аспаптарда ойнауға тамаша мүмкіндік берілді. Жуықта ол жерде «Дарын» музыкалық өнер мектебі жұмыс істей бастады.
Сеулде Корей түбегін ядролық қарусыздандыру мәселелері бойынша II Қазақстан-Корей форумы өтті
Елбасының Қоры Сеул қаласында (Корея Республикасы) Корей түбегін ядролық қарусыздандыру мәселелері бойынша II Қазақстан-Корея форумын ұйымдастырды.
Нұр Сұлтанда «II Орталық Азия БҰҰ Халықаралық Моделі» ұйымдастырылды
Бүгін Назарбаев оррталығында Жастар жылына арналған «II Халықаралық Орталық Азия Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі» атты жастар конференциясы жұмысын бастады.
Қазақстандағы Тұңғыш Виртуалды Электростанциясы 2020 жылы іске қосылады.
Жаңартылған энергия көздері Саммиті аясында әлемдегі ең ірі виртуалды электр станциясы операторлары «NEXT Kraftwerke GmbH» (Германия) және «Energy On Track» компаниялары арасында меморандумға қол қойылды. Бұл туралы «Energy On Track» компаниясының бас директоры Жәнібек Байдулла мәлімдеді.
Алматыда Тұңғыш Президент Қорының 80 стипендиаты анықталды
Алматыда Тұңғыш Президент Қорының 80 стипендиаты анықталды
Ерекше қажеттіліктері бар адамдар жаңа мамандық игереді
Қостанай қаласында екі айдан бері Жастар перспективалары орталығы жұмыс істеп келеді. Оны Елбасы Қорының «Zamannyn` ziatker jastary — vision of the future» әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің гранты арқасында «Рауан» қоғамдық бірлестігі іске асырды. Орталықта 18 бен 40 жас аралығындағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар жаңа мамандықтар игереді.
Елбасының Қоры еліміздің үздік студенттеріне стипендия тағайындайды
26 қыркүйек күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры стипендиясына сертификаттар тапсыру салтанаты өтеді. Стипендияны оқу барысында, сонымен қатар әлеуметтік және ғылыми-зерттеу жұмыстарында ерекшеленген 80 студент бір жыл бойына алады. Зияткер де дарынды жастарды марапаттау рәсімі Caspian University жаңа ғимаратының концерт залында болады.