El Úmiti
2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «El Úmiti» бастамасын көтерді
Бастама сипаттамасы
2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау және дамыту жөніндегі «El Úmiti» бастамасын көтерді.
«El Úmiti» бастамасының негізгі мақсаты - талантты жас қазақстандықтарды, ең алдымен, жақын болашақта еліміздегі тіршілік ортасының түрлі саласы жаңа индустрия, бизнес, ғылым, медицина, білім беру және мемлекеттік басқарудың кәсіпқой элитасына кіруге тиіс оқушылар мен жастарды табу және оларға қолдау көрсету. «Қазақстан-2050» стратегиясының бағыт-бағдарына қол жеткізуде және әлемнің бәсекеге қабілетті ең үздік 30 елінің қатарына кіру үмітімізді біз жастармен байланыстырамыз.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «El Úmiti» бастамасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметімен, облыстардың әкімдіктерімен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке білім беру ұйымдарымен, бизнес-қоғамдастықпен, сондай-ақ барлық мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастық орнатып, бірқатар білім беру жобасын іске асырады.
«El Úmiti» бастамасының 2020 жылдағы жобаларды іске асыру қорытындысы:
«Myń bala» – 2020 жылдан бері іске асырылып келе жатқан ұлттық ауқымдағы бірегей жоба. Олимпиада ауыл мектептерінде оқитын қабілетті оқушыларды қолдауға және дамытуға бағытталған.
Жобаға соңғы екі жылда Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде білім алып жатқан 6 сынып оқушылары қатыса алады.
2023 жылғы Олимпиада қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз іріктеліп, оның ішінде 410 оқушы Дарын, РФММ, БИЛ мамандандырылған мектептерінде оқуларын жалғастыруда.
2022 және 2023 жылғы 2000 финалист «BirgeOqý» онлайн мектебінде білім алуда.
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.
Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.
Медаль алу кезінде қатысушылар өзін-өзі тәрбиелеудің, ұйымдастырудың, кәсіпкерліктің және күш-жігердің маңыздылығын өзінің тәжірибесі арқылы түсінеді.
Әр деңгей бойынша талаптар белгіленеді және талаптар орындалған кезде ғана қатысушылар тиісті деңгейдегі медаль алады.
Қызмет бағыттары:
1. «Спорт және салауатты өмір салты» - спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану ережесін сақтау.
2. «Таланттар мен дағдылар» - Әлеуметтік және тәжірибелік дағдыларды дамытуға, жеке шығармашылық қабілеттер мен таланттарды ашуға бағытталған сабақтар.
3. «Кітап оқу» - оқырмандардың қызығушылығын қалыптастыру мен дамыту және кітап оқуға деген қажеттілігін дамыту.
4. «Ұлттық мұра» - қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына, мәдениетіне баулу және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін тереңдету.
5. «Волонтерлік» - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесі үшін өтеусіз негізде жүзеге асырылатын ерікті әлеуметтік, қоғамдық пайдалы қызмет.
6. «Туристік жорықтар» - туған өлкенің тарихы мен табиғатын зерттеу, өлкетану, сонымен қатар, экологиялық мінез-құлық пен табиғатты қорғау дағдыларын көрсету.
7. «Еңбек практикасы» - бастапқы еңбек дағдыларын алу және өз таңдауыңызды анықтау мүмкіндігі, еңбек әдетін қалыптастыру және мақсатқа жетудегі табандылық.
Бүгінге дейін «Елбасы Медалі» бағдарламасына 20 мыңнан астам адам қатысты, оның 7559-ына «Елбасы Медалі» ерекшелік белгісі берілді. Қола медальді 7329 адам алса, 196-ы күміс, 34-і алтын медальмен марапатталды.
Бағдарламаны Нұрсұлтан Назарбаев қоры Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп жүзеге асырады.
Бағдарлама мақсаты – cалалық мамандарды тарту және іріктеу, олардың ішінен экономиканың 11 саласындағы өзгерістерді басқару жөніндегі менеджерлерді оқытып, олардан командалар қалыптастыру.
Жобаға мемлекеттік секторда да, жеке секторда да жұмыс істейтін, табысты практикалық тәжірибесі, кәсіби білімі және ең бастысы — мемлекеттің өркендеуіне жеке үлес қосуға ниеті бар қазақстандықтар қатысады.
Бағдарлама шеңберінде 3 мың үміткердің ішінен: сауда және логистика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп (оның ішінде жаңа индустриялар), су ресурстары, аймақтық даму және қалаларды басқару, туризм, мәдениет және спорт, білім беру, денсаулық сақтау, медиаиндустрия, геологиялық барлау 11 секторда 37 тапсырма бойынша жұмыс істейтін 230 қатысушы таңдалды.
Бүгінгі күні 4 мыңнан астам қатысушымен 11 пікірталас алаңы өткізілді, 14 кәсіби бiрлестiктердi құрылды. Сарапшылар топтары жыл соңына дейін әзірлеген бағдарламалар оларды одан әрі жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылатын болады.
«Birge oqý» онлайн мектебінің мақсаты мектеп оқушыларын академиялық қолдау, қабілеті мен дағдысын дамыту, ақпараттық теңсіздікті қысқарту арқылы қала мен ауыл балаларының білім сапасын теңестіру.
Жоба 2020 жылы іске қосылды. 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде 6-дан 8-сыныпқа дейінгі 10 мыңнан астам бала онлайн мектепте оқудан өтті. Оқыту аясында еліміздің барлық өңірі қамтылды.
«El Úmiti» онлайн-дамыту платформасы - бастама және оның жобалары туралы заманауи ақпаратты қамтитын инновациялық жоба.
Платформа «бір терезе» қағидаты бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қорының барлық жобаларына қол жетімділікті қамтамасыз етеді және әлеуметтік желі мен қызығушылық форумының үздік элементтерін біріктіреді.
Оның негізінде 11 негізгі салалар үшін кәсіби пікірталас алаңдары құрылды. «El Úmiti» интернет-платформасы 2020 жылы 34 мыңнан астам мүше және 1,5 миллион келушілерді жинай алды.
Жоба аяқталды.
«El Maqtanyshy» сыйлығы - мектеп оқушылары мен олардың жаттықтырушы-тәлімгерлері үшін ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындар үшін ақшалай көтермелеу. Осындай тәжірибе Қазақстанда алғаш рет енгізілді. Ол балалар мен педагогтарды олимпиадалық қозғалысқа қатысуға ынталандырады.
«El Maqtanyshy» сыйлығы аясында өткен халықаралық чемпионаттағы алтын медаль үшін жүлдегер мен жаттықтырушыға 2 миллион теңгенің сертификаты беріледі. Күміске - 1 миллион теңге, қолаға - 500 мың теңге. 2019 жылы марапаттау шеңберінде 20 жүлдегер мен 28 жаттықтырушы марапатталды. 2020 жылы 11 жеңімпаз және 20 жаттықтырушы күтіледі.
Жоба 2021 жылы аяқталды.
«Qabilet» қызметінің берері:
- барлық өңірдегі оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарын диагностикалауға тең қол жеткізудің бірыңғай жүйесі;
- мейлінше қабілетті балалардың қабілетін дамытуға жәрдемдесу, зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін жағдайлар жасау;
- одан әрі оқыту мен дамыту үшін ең қабілетті оқушыларды таңдау.
«El Umiti» Қоры» КҚ әзірлеген қабілет сынақтары диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады. Барлық оқушыға арналған қызмет тегін және qabilet.elumiti.kz онлайн платформада қолжетімді. Диагностикадан үйде өту мүмкіндігі болмаған жағдайда, оқушылар өз өңіріндегі Дарын орталығына барып, орталықтың өзінде тестілеуден өте алады. Диагностика нәтижесі бойынша бала қалауымен маманның кәсіби кеңесіне жазыла алады, ол тестілеу нәтижесін дұрыс талдауға көмектесіп, қабілетін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар береді.
SmartUstaz – балалардың дамуына ықпал ететін басты факторлардың бірі – ұстаздың жеке ресурсын дамытуға арналған жоба.
Жобаның негізгі критерийі- мұғалімдерге онлайн түрде білім алуға, өз үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік беретін платформа түріндегі технологиялық шешімді пайдалану.