El Úmiti
2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «El Úmiti» бастамасын көтерді

Бастама сипаттамасы
2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау және дамыту жөніндегі «El Úmiti» бастамасын көтерді.
«El Úmiti» бастамасының негізгі мақсаты - талантты жас қазақстандықтарды, ең алдымен, жақын болашақта еліміздегі тіршілік ортасының түрлі саласы жаңа индустрия, бизнес, ғылым, медицина, білім беру және мемлекеттік басқарудың кәсіпқой элитасына кіруге тиіс оқушылар мен жастарды табу және оларға қолдау көрсету. «Қазақстан-2050» стратегиясының бағыт-бағдарына қол жеткізуде және әлемнің бәсекеге қабілетті ең үздік 30 елінің қатарына кіру үмітімізді біз жастармен байланыстырамыз.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «El Úmiti» бастамасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметімен, облыстардың әкімдіктерімен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке білім беру ұйымдарымен, бизнес-қоғамдастықпен, сондай-ақ барлық мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастық орнатып, бірқатар білім беру жобасын іске асырады.
«El Úmiti» бастамасының 2020 жылдағы жобаларды іске асыру қорытындысы:
«Myń bala» - ұлттық ауқымдағы бірегей жоба. Олимпиада ауылдық жерлердегі қабілетті балаларды қолдауға және дамытуға бағытталған. 5 және 6 сынып оқушылары қатыса алады.
Бір жыл ішінде жоба 4266 ауыл мектебінен 295 мың оқушыны қамтыды. Олимпиаданың бірінші кезеңі сырттай өтіп, 6 пән бойынша академиялық үлгерім бағаланды: математика, жаратылыстану, информатика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Екінші кезең барысында функционалдық сауаттылық және абстрактілі-логикалық ойлау дағдылары күндізгі форматта бағаланды.
Қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз анықталды, 338 оқушы Дарын, РФММ, БИЛ мамандандырылған мектептерінде оқуын жалғастырды. Елбасы академиясының «Birge Oqý» онлайн-мектебінде 2 мың финалист білім алуда.
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.
Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.
Медаль алу кезінде қатысушылар өзін-өзі тәрбиелеудің, ұйымдастырудың, кәсіпкерліктің және күш-жігердің маңыздылығын өзінің тәжірибесі арқылы түсінеді.
Әр деңгей бойынша талаптар белгіленеді және талаптар орындалған кезде ғана қатысушылар тиісті деңгейдегі медаль алады.
Қызмет бағыттары:
1. «Спорт және салауатты өмір салты» - спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану ережесін сақтау.
2. «Таланттар мен дағдылар» - Әлеуметтік және тәжірибелік дағдыларды дамытуға, жеке шығармашылық қабілеттер мен таланттарды ашуға бағытталған сабақтар.
3. «Кітап оқу» - оқырмандардың қызығушылығын қалыптастыру мен дамыту және кітап оқуға деген қажеттілігін дамыту.
4. «Ұлттық мұра» - қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына, мәдениетіне баулу және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін тереңдету.
5. «Волонтерлік» - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесі үшін өтеусіз негізде жүзеге асырылатын ерікті әлеуметтік, қоғамдық пайдалы қызмет.
6. «Туристік жорықтар» - туған өлкенің тарихы мен табиғатын зерттеу, өлкетану, сонымен қатар, экологиялық мінез-құлық пен табиғатты қорғау дағдыларын көрсету.
7. «Еңбек практикасы» - бастапқы еңбек дағдыларын алу және өз таңдауыңызды анықтау мүмкіндігі, еңбек әдетін қалыптастыру және мақсатқа жетудегі табандылық.
Бүгінге дейін «Елбасы Медалі» бағдарламасына 20 мыңнан астам адам қатысты, оның 7559-ына «Елбасы Медалі» ерекшелік белгісі берілді. Қола медальді 7329 адам алса, 196-ы күміс, 34-і алтын медальмен марапатталды.
Бағдарламаны Нұрсұлтан Назарбаев қоры Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп жүзеге асырады.
Бағдарлама мақсаты – cалалық мамандарды тарту және іріктеу, олардың ішінен экономиканың 11 саласындағы өзгерістерді басқару жөніндегі менеджерлерді оқытып, олардан командалар қалыптастыру.
Жобаға мемлекеттік секторда да, жеке секторда да жұмыс істейтін, табысты практикалық тәжірибесі, кәсіби білімі және ең бастысы — мемлекеттің өркендеуіне жеке үлес қосуға ниеті бар қазақстандықтар қатысады.
Бағдарлама шеңберінде 3 мың үміткердің ішінен: сауда және логистика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп (оның ішінде жаңа индустриялар), су ресурстары, аймақтық даму және қалаларды басқару, туризм, мәдениет және спорт, білім беру, денсаулық сақтау, медиаиндустрия, геологиялық барлау 11 секторда 37 тапсырма бойынша жұмыс істейтін 230 қатысушы таңдалды.
Бүгінгі күні 4 мыңнан астам қатысушымен 11 пікірталас алаңы өткізілді, 14 кәсіби бiрлестiктердi құрылды. Сарапшылар топтары жыл соңына дейін әзірлеген бағдарламалар оларды одан әрі жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылатын болады.
«Birge Oqý» онлайн-мектебі - оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға арналған қашықтан оқыту әлеміндегі навигатор.
Жоба кәсіби қоғамдастықты, мұғалімдерге арналған қашықтан оқытудың «Цифрлық ментор» курстарын және ауыл оқушыларына арналған онлайн-мектепті қамтиды.
«Birge oqý» пікірталас алаңы 13 мыңнан астам жазылушыны қамтиды. Оның аясында 55 эфир өткізіліп, қашықтан оқыту тақырыбына 94 бейнесабақ жазылды.
Педагогикалық жоғары оқу орындарының 3 мыңнан астам мұғалімдері мен студенттері «Цифрлық ментор» тегін оқыту курсынан өтті.
«Birge Oqý» онлайн-мектебі ауыл мектептерінен 2 мың оқушыға академиялық қолдау көрсетеді. Оқушыларға НЗМ, РФММ, БИЛ мектептерінің жетекші мұғалімдері негізгі пәндер бойынша онлайн - сабақтар өткізеді.
«El Úmiti» онлайн-дамыту платформасы - бастама және оның жобалары туралы заманауи ақпаратты қамтитын инновациялық жоба.
Платформа «бір терезе» қағидаты бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қорының барлық жобаларына қол жетімділікті қамтамасыз етеді және әлеуметтік желі мен қызығушылық форумының үздік элементтерін біріктіреді.
Оның негізінде 11 негізгі салалар үшін кәсіби пікірталас алаңдары құрылды. «El Úmiti» интернет-платформасы 2020 жылы 34 мыңнан астам мүше және 1,5 миллион келушілерді жинай алды.
Жоба аяқталды.
«El Maqtanyshy» сыйлығы - мектеп оқушылары мен олардың жаттықтырушы-тәлімгерлері үшін ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындар үшін ақшалай көтермелеу. Осындай тәжірибе Қазақстанда алғаш рет енгізілді. Ол балалар мен педагогтарды олимпиадалық қозғалысқа қатысуға ынталандырады.
«El Maqtanyshy» сыйлығы аясында өткен халықаралық чемпионаттағы алтын медаль үшін жүлдегер мен жаттықтырушыға 2 миллион теңгенің сертификаты беріледі. Күміске - 1 миллион теңге, қолаға - 500 мың теңге. 2019 жылы марапаттау шеңберінде 20 жүлдегер мен 28 жаттықтырушы марапатталды. 2020 жылы 11 жеңімпаз және 20 жаттықтырушы күтіледі.
Жоба 2021 жылы аяқталды.
«Qabilet» жобасы оқушыларға олардың қабілеттерін диагностикалауға және болашақ мамандығын таңдауға көмектесуге мүмкіндік береді.
Жоба аясында жыл ішінде 17 орталық ашылды. Нұр-Сұлтандағы «Астана дарыны» орталығы 12 пилоттық мектеп базасында кәсіптік бағдар беру тестілерін сынақтан өткізуде. Апробациядан кейін тестілер барлық аймақтарда қол жетімді болады.
«Smart Ustaz» жобасы
Smart Ustaz – балалардың дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі ретінде педагогтың жеке ресурсын дамытуға ықпал ететін жоба.
Жоба білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру арқылы Қазақстанда білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласының педагогтары офлайн оқуға қатысты.
Мақсаты: Ұстаздардың кәсіби және сабақтас құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту
Қамту: 500-ден астам мұғалім
Аудитория: Білім беру саласының мұғалімдері мен қызметкерлері