news-img

Назарбаев орталығында 20 елден 300 делегаттың қатысуымен «жасыл экономиканы» дамытудың, «таза энергияны» пайдалану және жаңартылатын энергияны дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Саммит барысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев проблемалық мәселелерді, оларды шешуге деген көзқарасын білдірді. Атап айтқанда, ол: «жасыл экономика қағидаттарын сәтті іске асыру үшін заңнаманы институционализациялау және мамандарды даярлау қажет. Жаңа стандарттарды әзірлей алатын және жаңа технологияларды енгізу тұрғысынан салалардың қайта құрылуын қамтамасыз ететін жоғары тиімді мамандар тобын қалыптастыру өте маңызды» деген ой білдірді. Сонымен қатар Әсет Исекешев жыл сайын саммит өткізіп, құрылыста және ауыл шаруашылығында ресурстарды үнемдеу сияқты басым бағыттарды ұсынды.

Саммит барысында инвесторларға жаңартылатын энергия саласындағы стартап жобалар ұсынылды.

Жалпы, іс-шараға қатысушылары Қазақстанның «жасыл экономиканы» дамытуға, мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қадамдарын оң бағалады. БҰҰ ЭСКАТО Энергетикалық бөлімінің бастығы Майкл Уильямсон: «БҰҰ ЭСКАТО жасыл энергия көздеріне көшу туралы сіздің ойыңызды қолдайды. Біз сіздермен бұл мәселе бойынша ынтымақтастыққа мүдделіміз», – деді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергетика саласын дамытудың негізгі аспектілері мен ұсынымдары көрсетілген қарар қабылданды. Осылайша, саммит қатысушылары уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына бес жылдық мерзімде «жасыл экономиканы» дамытудың арнайы бағдарламасын әзірлеу туралы ұсыныс енгізді.

Қарар жаңартылатын энергия көздерін дамыту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, энергияны үнемдеу, энергия тиімділігі, өнеркәсіпте, экологиялық шараларда, смарт-торлар мен смарт-қалаларда және басқа да ең жақсы технологияларды енгізу түріндегі негізгі бағыттарды көрсетуге қатысты ұсыныстардан тұрады.

Сондай-ақ, онда отандық қазақстандық ғылымды және алдыңғы қатарлы ноу-хауды дамытуға, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған жасыл жобалардағы «Қазақстанда жасалған» тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің құрамын ұлғайтуға ерекше назар аудару керек екендігі айтылған.

Қарарда «жасыл» мәдениетті қалыптастыру мақсатында «жасыл экономика» қағидаттары мен идеяларын балалар және жастар арасында насихаттайтын арнайы жоба әзірлеу туралы ұсыныс бар.

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру