Барлық елден келген «ЮНЕСКО Клубтарының IV шығармашылық академиясының» 50 финалисті ерекше білім беру бағдарламасын өтті
Жастар жылын тойлау аясында 2019 жылдың 25 маусымын Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театрында «ЮНЕСКО Клубтарының IV шығармашылық академиясы» қорытында Гала-концерті өтті. Жастардың білім деңгейін арттыру және жан-жақты дамытуға арналған жыл сайынғы 10 күндік инновациялық платформа Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтарының Ұлттық Федерациясының 10-жылдығын толауға арналды.
16 және 26 маусым аралығында «ЮНЕСКО Клубтарының IV шығармашылық академиясы» таланттарды ашу және оларға өз армандарына жеттуде қолдау көрсету миссиясымен кей-байтақ еліміздің барлық облыстарынан ең дарынды, талантты және ынталы балалар мен жасөспірімдерді жинады.
Бүгінгі таңда, яғни мемлекет болашаққа жоспар құрып, оның одан әрі даму векторларын анықтау кезінде, оның басты қозғалтушы күші ең жақын арада патриотизм мен азаматтық жауапкершілік рухында тәрбиеленген қайратты жас көшбасшылар болары сөзсіз. Осыған байланысты, осымен «Юнеско Клубтарының Шығармашылық Академиясының» төртінші циклы Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі 12-18 жас аралығындағы дарынды өскелең ұрпақ үшін өз есігін ашты. Жыл сайын Академияның бағдарламасын жетілдіре отырып, биылғы жылы жобаның ұйымдастырушылары дәстүрлі шығармашылық бағыттармен қоса, жаңа - «ғылыми және жобалық қызмет» номинациясын енгізді.
ЮНЕСКО Клубтарының Шығармашылық Академиясы - бұл Қазақстан жастарына арналған, еліміздің жетекші мамандары мен мэтрларын бағалы білімдер алуға мүмкіндік беретін бірегей платформа. 2016 жылдан бастау алған жоба қазіргі таңда Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтарының Ұлттық Федерациясының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорының жыл сайын өткізетін іс-шарасы болып табылады. Академия өскелең ұрпақты төзімділік рухында тәрбиелеу және мемлекеттің болашақ шығармашылық және ғылыми потенциалын қалыптастыру мақсатында Қазақстанның талантты жастарын дамыту мен қолдауға бағытталған.
Жобаның мақсаты: білім берудегі мемлекеттің шығармашылық және ғылыми потенциалын қалыптастыруға арналған инновациялық тәсілдерді жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының дарынды өскелең ұрпағын дамыту және қолдау көрсету.
Ұйымдастырушылар: «Шеврон» компаниясының қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорымен бірге Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтарының Ұлттық Федерациясы.
Жобаның конкурстық кезеңі 14 облыстан және біздің байтақ еліміздің шалғай өңірлерінен келген 2 000-нан астам дарынды балалар мен жасөспірімдерді қамтыды. Қазылар алқасы Академияға қатысу үшін алты номинация бойынша ең дарынды 50 баланы таңдап алды. 10 күндік инновациялық білім беру бағдарламасы келесі бағыттар бойынша құрылды: ғылыми және жобалау қызметі, коммуникативтік дағдылар және шешендік өнер, бейнелеу өнері, музыкалық өнер, вокалдық өнер және хореографиялық өнер.
— Білесіз бе, «ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық академиясына» келген алғашқы күні, мен жобамен, еріктілермен, қатысушылармен, тәлімгерлермен, педагогтармен және ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры тұлғасындағы ұйымдастырушылармен қоштасудың осындай көңілсіз болатынын елестетіп көрмедім. Біздің жан-жақты дамуымызға баға жетпес үлес қосқан әрбір адамға шексіз ризамын. Қазір мен ЮНЕСКО Клубтарының мүшесі болу бақытының қандай екенін түсінемін. Барлығына рахмет! — деді Ансар Жусіп, «ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық академиясының» финалисті .
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, Академияның студенттері әрбір қатысушының қызығушылықтары ескерілген мазмұнды білім беру және мәдени бағдарламаны өтті. Оқу-дәрістік курстарға инновациялық көзқараспен қарайтын үздік тәлімгерлерді, спикерлерді іздестіруде үлкен жұмыс атқарылды. Биылғы жылы бағдарламаны балалар елдің жетекші жоғары оқу орындарының шақырылған педагогтары мен лекторларымен «STEAM Education» бойынша арнайы практикалық лекциядан, көшбасшылық, ХХІ ғасырдың дағдылары, төзімділік, жаһандық азаматтықты қалыптастыру бойынша түрлі шеберлік сабағынан, тренингтер сериясынан өтіп, құнды білім ала алатындай етіп түрлендірген.
Қазақстанның көрнекті өнер және ғылым қайраткерлерінің және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры сыйлығының лауреаттарының қатарынан қосымша тәлімгерлер анықталып, олар өздерінің білімдері мен тәжірибелерін финалистермен бөлісіп, оларды жобаның қорытынды бөліміне дайындаған. Оның үстіне, финалисттер Tengrinews.kz, Massaget.kz, Vesti.kz ақпараттық порталдарының, The Steppe медиа-порталының, «OYLA» ғылыми-танымдық журналының редакцияларына барды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының және «Самрұқ» заманауи би театрының сахна сыртындағы құпияларын ашты.
Қатысушылардың пікірінше, олар Алматыдағы метро станцияларында бойз-бенд Mad Men-мен бірге Қазақстандағы алғашқы #ARTmobAlmaty - арт-мобты өткізу кезінде ең жарқын әсер алды. Сондай-ақ, балалардың «ЮНЕСКО Клубтарының IV шығармашылық Академиясы» жобасының болашақ финалистеріне жолдауы бар уақыт капсуласын салуы да естеліктер жинағына енді.
Ғани Абадан (бизнес-жаттықтырушы, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры жанындағы ғылым бойынша Кеңес мүшесі, Қазақстандағы бизнес құру бойынша алғашқы #БизнесПоЛюбви кітабының авторы), Зәуре Розмат (The Steppe медиа-жобасының негізін қалаушы), Алмас Тұяқбаев (ZeroToOneLabs.com жобасының негізін қалаушы) және Арман Юсупов (Yuframe және «2any1» компаниясының негізін қалаушы және идея беруші) секілді Қазақстанның танымал қайраткерлерінің қолдауының арқасынла талантты балаларға жоғарыда аталған спикерлермен шығармашылық кездесулерге және шеберлік сабағына баруға және өз армандарына жақындау үшін өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоюға бірегей мүмкіндік туды.
Бұл оқиғаның қорытындысы салтанатты Гала-концерт болды, онда музыкалық, вокалдық және хорегографиялық өнер номинацияларының қатысушылары өздерінің концерттік нөмірлерінде өздерінің ұшталған дағдыларын көрсетті және «Арқаим» танымал этно-фолк тобымен өнер көрсетті. Сонымен қатар, бейнелеу өнері бағытының финалистері суретшілер көрмесі аясында атақты суретшілердің жетекшілігімен орындалған өздерінің қорытынды жұмыстарын ұсынды. Ғылыми қызмет номинациясында қатысушылар жоба тарихында алғаш рет «Science Slam» форматында өнер көрсетті. Өз кезегінде, коммуникативтік-шешендік өнер номинациясының финалистері шешендік және актерлік бағыттар бойынша өз дағдыларын жақсартып, өз орындауындағы әлемге танымал шығармаларды ұсынды. Соңында барлық финалистер «ЮНЕСКО Клубтарының Әнұранын» орындап, залдың керемет атмосферасымен қуатталып, өздерін ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының үлкен отбасының нағыз мүшелері ретінде сезінді. Академияның үздік түлектері, әрине, Қазақстанның болашақ шығармашылық және ғылыми әлеуетінің өзіндік кадрлық резерві болады.
БАҚ арналған байланыстар
ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі
PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13
a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz
Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтарының Ұлттық Федерациясының баспасөз қызметі PR-маман Камилла Дәулетова
+7 (727) 394-32-32, +7 (701) 298-00-88