KazRoboProject-2019» - жас инноваторларға арналған жоба
Бүгін Назарбаев орталығында робототехника бойынша «KazRoboProject-2019» атты Республикалық ғылыми-техникалық жобалар конкурсының ақтық кезеңі өткізілді. Бұл конкурсты ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры «КазРоботикс» білім беру және спорттық робототехника бойынша Қазақстандық федерациясы» РҚБ бірлесіп үшінші рет ұйымдастырды.
Конкурстың мақсаты – Қазақстандағы робототехниканы, оның түрлі бағыттарын, соның ішінде спорттық түрін дамыту, техникалық инновацияларға қатысты жастардың идеяларын қолдау.
2019 жылғы наурыз бен мамыр аралығында еліміздің барлық 17 өңірінде 10 мен 21 жас аралығындағы жастар іріктелді. Бастапқы кезеңге Қазақстанның 200 жас конструкторы қатысты. Ақтық сынға 30 үздік команда шықты.
«KazRoboProject» секілді Республикалық жобаларды іске асыру және ондай жобаларға жас өрендердің қатысуда белсенділік танытуы туралы ҚР Тұңғыш Президент Қорының басшылығы атап өтті. «Елбасы әркезде жастарды қолдайды. Сіздерді дамытуға бағытталған жобалар жетіп артылады. Олардың бірі Қазақстанның брендіне айналған «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы. Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында қолға алынған «100 жаңа кітап», 100 жаңа есім, «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасы және т.б.
Біздің елімізге адам потенциалын дамытуға және өскелең ұрпақтың шығармашылығын қолдау өте маңызды. Бұл тұрғыда Тұңғыш Президент Қорында жастарды қолдауға арналған бірқатар жобалар бар. Мәселен, бүгін «KazRoboProject» жеңімпаздарын анықтайтын болсақ, кеше «Nazarbayev Fund Schools Challenge» үздіктері анықталды, оған дейін біздің бірқатар қыз-жігітіміз «Smart zholy» аясында Сингапурге барды. Жобаларымыз туралы көп айтуға болады. Ең бастысы олар жас өрендерге дамуға және өзін көрсетуге мүмкіндік береді», - делінді.
«KazRoboProject» жобасына қатысып, жоғары нәтижеге жетуге және идеяларды дамытуға болатынына айғақ.
Робототехника бойынша бұл жобаның жағымды әсер берген қатысушының бірі - Любовь Дудченко. Былтырғы жылғы жеңімпаз көзі нашар көретін және зағип адамдарға арналған арнайы қосымша ойлап тапты. Бұл жобасымен Қытайда ғылыми-техникалық инновациялар бойынша өткен «CASTIC-2018» байқауын жеңіп алды.
Жас қазақстандық бірінші орыннан бөлек, белгілі қытай ғалымы Гао Шичи Қорының және «Sanray» компаниясының арнайы сыйлығын ұтып алды.
«KazRoboProject-2019» қатысушылары арасынан 10-15 және 16-21 аралығында жеңімпаздар анықталды:
10-15 жас аралығындағы жеңімпаздар төмендегідей:
- 1-орында «Scanbot» жобасымен (кітаптарды цифрлайтын) Артем Малых, Айпары Сыздықова Павлодар облысынан;
- 2-орында «Smart eco boxes» жобасымен (компост дайындайтын) Матвей Рыбалкин Алматы қаласынан;
- 3-орында «Құстар үшін ақылды үй» Милена Смирнова және Снежана Синицина Шығыс-Қазақстан облысынан.
16-21 жыл аралығындағы жеңімпаздар төмендегідей:
- 1-орында «Дәрі-дәрмекті ақысыз жеткізу» жобасымен Артем Тишков Алматы қаласынан;
- 2-орында «Аяқ пен қолға арналған тренажер» жобасымен Мұхтар Оразбай және Фараби Самаликов Атырау облысынан;
- 3-орында «Vibro braslet in school for deaf childrens» жобасымен Артем Мартынов және Байшер Әбдіқалыкова Алматы қаласынан.
«Біз кітаптарды электронды форматқа ауыстыратын аппаратты ойлап таптық. Бұндай құрылғылар әлемде бар. Айлайда өте қымбат тұрады. Біздің облыстық кітапханада ондай аппарат тұр. Бірақ оның құны 3 млн. Біздің ойлап тапқан құрылғымыз болса он есе арзан тұрады. Аппаратымыздың тағы бір ерекшелігі, оның қасында тұрып кітап беттерін аударып тұру қажет емес. Бұл конкурста нәтижеге қол жеткізгеніміз қуантады. Ол бізге өзімізге сенімділік береді. Жобамызды одан әрі қарай дамытамыз», - дейді Артем Малых «Scanbot» жобасы авторларының бірі.
Сыйлық ретінде конкурс жеңімпаздары робот жасауға арналған конструкторларға ие болды.