Ауыл мектептерінің 300-ден астам оқушысы еліміздің үздік мектептері мен лицейлерінде білім алуға мүмкіндік алды
Ауылдан шыққан «Мың бала» ұлттық олимпиадасының қатысушылары мамандандырылған мектептің оқушысы атанды. Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры Алмаз Күнғожин пандемия жағдайында балалардың мектепке бейімделуі және оқу процесі туралы әңгімелеп берді.
«Мың бала» олимпиадасы - қабілетті балаларды қолдауға және дамытуға бағытталған Нұрсұлтан Назарбаев Қорының бастамасы. Ел аумағындағы барлық ауыл мектептерінің 5 және 6-сынып оқушылары қатысқан білім сайысы 295 мың баланы қамтыды. Қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз анықталды, оның ішінде 338 оқушы мамандандырылған мектептерде білімін жалғастырды.
«Олимпиаданың бірінші кезеңі сырттай, ақпан айында өтті және 6 пән бойынша академиялық үлгерімді бағалады: математика, жаратылыстану, информатика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Екінші кезең барысында функционалдық сауаттылық және абстрактілі-логикалық ойлау дағдылары бағаланды. Іріктеу қорытындысы бойынша бізге 41 оқушы келіп түсті, қазір олар Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде оқиды», - деді Күнғожин.
Республикалық физика-математика мектебі 1972 жылы ашылды, қазір онда 1300 оқушы оқиды. Соңғы жылдары қалалық және ауыл балаларына арналған бірлескен конкурс жариялануына байланысты 360 орындық жатақханада ақысыз орындар пайда болды. Бірақ жағдай «Мың бала» жобасының арқасында өзгерді. Енді шалғайдағы мектептердің үздік оқушылары осы мектепте оқып, мектеп-интернатта тұра алады.
Республикалық физика-математика мектебі 1972 жылы ашылды, қазір мұнда 1300 оқушы оқиды. Соңғы жылдары оқуға түсу байқауы қала оқушыларымен қатар ауыл баларына да жүргізілгендіктен жатақханада 360 орын бос тұрды. Бірақ «Мың бала»жобасының арқасында ауылдық жерлен оқуға түсушілер саны ұлғайды. Енді шалғайдағы мектептердің үздік оқушылары осы мектепте оқып, интернатта тұра алады.
Пандемияға байланысты оқушылар биылғы оқу жылын қашықтан білім алу форматында бастап, жалғастыруда. Интернет желісіне қосылуда қиындықтар болған оқушылар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, интернатқа орналастырылды.
«Әрине, бастапқыда оқуға түскен балалардың білімінде аздаған алшақтық болды, алайда балалар жақсы оқуға тырысады. Физика және математика басым пәндер. Кесте бойынша математика пәні 9-10 рет, ал физика аптасына 5-6 рет өтеді. Оқушылардың көпшілігі қашықтан оқытудың артықшылықтары туралы айтады. Олар жолға кететін уақытты үнемдейді және қалған балаларды алаңдатпай, басты назарды сабаққа аударады», - дейді Алмаз Кунгожин.
Республикалық физика-математика мектебі директорының айтуынша, Елбасы Академиясы бастаған олимпиада дәстүрге айналып, жыл сайын өткізіледі. Бұл еліміздің түкпір-түкпірінен дарынды оқушыларды іріктеуге көмектеседі және оларға мамандандырылған мектептерде сапалы білім алуға мүмкіндік береді.