«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Қазақстандағы құқыққорғау және сот жүйелерін жаңғырту мәселелері Алматыда өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Оған құқыққорғау құрылымдарының басшылары мен заң саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар қатысты. Еліміздегі құқықтық реформа жоғары бағаланды.

Сарапшылардың айтуынша, жаңғырту шаралары қазақстандық құрылымдарды дамыған елдердің құқықтық жүйелеріне сәйкестендіреді. Еліміз үшін өзекті болып саналатын құқыққорғау жүйелерін жетілдіруге қатысты шаралар нәтижелі жүргізілуде. Жаңғырту жұмыстары келесі жылы да жалғасады. Бұл жаңа заңдарды қабылдауға жол ашады дейді мамандар.

Санаулы күндерден соң 31 желтоқсанда қылмыстық процесте азаматтардың құқығын қорғауды көздейтін заң күшіне енеді. Бұл үш буынды модельдің алғашқы қадамы.

Марат Ахметжанов, ҚР бас прокурорының орынбасары:
- Дамыған мелекеттерде осындай тәртіп орналасқан ол үш буынды модель дейді, бірінші буын ол полиция, полиция дәлелдерді жинайды, қылмыскерлерді іздейді, соның бәрін саралауға прокурорға апарып береді. Прокурор жан-жақты қарап, күдіктінің дәлелдерін ескеріп, сараптама жасаған соң ғана бекітеді. Содан кейін ғана ол адам күдікті болып табылады. Ол адамға процессуалдық тергеудің шектеулері ғана міндеттеме болып есептеледі. Одан кейін сот қарап өз шешімін үкімін шығарады.

Жаңғырту жұмыстарының тағы бір маңызды бағыты – ішкі істер органдарында заманауи технологиялық жүйені құру. Ең бастысы ол халықтың сеніміне ие болу керек. Елімізде функционалды полиция жасақталуда. Бүгінде 106 басшылық буын мен 1,5 мың басшылық қызмет жойылды. Ішкі істер органдарының саны 11 пайызға қысқарды. Келесі қадам – маман дайындауды жетілдіру, шектен тыс қызметтерді жою және халықпен жұмыс істеудің жаңа форматына көшу.

Игорь Рогов, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары:
– Бұл жалпы жаңғыртудың жалғасы. Сонымен қатар мемлекеттің қазіргі дамуын ескере отырып жасалуда. Бірқатар заң мен басқа да нормативті құқықтық актілер қабылданды. Дегенмен алда атқарылар іс те көп.

Биыл сонымен қатар жаңа әкімшілік іс жүргізу кодексі жасалды. Мақсат – Қазақстанның барлық мемлекеттік органдарын бір ІТ-платформаға біріктіру. Азаматтардың арызы бойынша әкімшілік іс қозғалады. Оған бірегей нөмір беріледі. Егер мемлекеттік орган дауды шешпесе, онда іс сотқа жіберіледі және автоматты түрде соттардың ІТ жүйесіне орналастырылады. Бұл жүйе келесі жылдың алғашқы айларында сынақтан өтеді.

Дереккөз: khabar.kz 

Түсініктеме қалдыру