«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Нұр-Сұлтан қ.

«21» қаңтар 2021 жыл

«Қамқорлық қоры» корпоративтік қоры БСН 200240009071 (бұдан әрі — Тапсырыс беруші) әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын бағалау және салыстырмалы талдау (бұдан әрі - іріктеу) тәсілімен №1 қосымша сатып алынатын тауарлар тізбесіне сәйкес 09/1-КФ Оңалту орталықтарын жабдықтау үшін жабдық сатып алу үшін әлеуетті өнім берушілерді іріктеу жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Тапсырыс берушінің нақты орналасқан жері: Қазақстан, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/13, С2-1 блогы, 3-қабат, 3.22.9 кабинет, тел. 8(7172) 26 66 91, 8(7172) 24 87 94.

 

Іріктеу процедурасы:

1. ҚҚС қоса алғанда, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сома осы хабарландыруға қоса берілетін сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша 589 800, 40 (бес жүз сексен тоғыз мың сегіз жүз теңге 40 тиын) құрайды.

2. Іріктеу туралы хабарландырумен (бұдан әрі - хабарландыру) бірге осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылатын:

- сатып алынатын тауарлардың, қызметтердің тізбесі №1 қосымша;

- баға ұсынысының нысаны №2 қосымша;

- сатып алынатын тауарлардың, қызметтердің техникалық ерекшелігі №3 қосымша (ТС01);

- шарттың жобасы №4 қосымша беріледі.

3. Әлеуетті өнім берушілерді іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар осы іріктеу туралы хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу процедурасы басталған уақытқа дейін желімделген конвертте ұсынылады және мынадай мәліметтер мен құжаттарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім берушінің атауы, нақты мекен жайы;

2) баға ұсынысы (тары). Әрбір әлеуетті өнім беруші №2 қосымшаға сәйкес, әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген 1 (бір) лотқа тек 1 (бір) баға ұсынысын береді;

3) әлеуетті өнім берушінің қолы қойылған және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген техникалық ерекшелік (тер);

4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе ресми интернет көзінен (www.egov.kz) алынған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы электрондық анықтаманың көшірмесі; жеке тұлға үшін – заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін, тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе ресми интернет көзінен (www.egov.kz) алынған құжаттың көшірмесі;

5) заңды тұлға үшін – әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын және ол тартатын бірлесіп орындаушыларды тағайындау (сайлау) туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

 

6) ресми интернет көзінен (www.egov.kz) алынған салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді растайтын электрондық анықтаманың белгіленген нысандағы көшірмесі;

7) барлық қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктерден, қаржы және микрокредиттік ұйымдардан соңғы 12 (он екі) айда кредиттер және есеп айырысу шоттарына ұсынылған картотекалар бойынша мерзімі өткен берешектің жоқ екені туралы анықтама;

8) әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, қызметтер көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың немесе электрондық құжаттың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, басқа да құжаттардың көшірмелері түріндегі лицензиялардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері (егер іріктеу шарттарында міндетті лицензиялауға жататын қызмет көзделсе);

9) Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес ресімделген өзге де құжаттар.

4. Әлеуетті өнім берушілер осы хабарландырудың 3-тармағында көрсетілген, конвертке салынған құжаттарды мына мекен жай бойынша ұсынады (жолдайды): Қазақстан, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел к-сі, 55/13, С2-1 блогы, 3-қабат, 3.22.9 кабинет, тел. 8(7172) 26 66 91, 8(7172) 24 87 94, жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін, 2021 жылғы «28» қаңтар сағат 14: 00 дейін.

5. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу жөніндегі комиссияның отырысына қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерді және/немесе олардың өкілдерін тіркеу 2021 жылғы «28» қаңтар сағат 14:00 дейін жүргізіледі.

6. Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу мына мекен жай бойынша жүргізіледі: Қазақстан, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 55/13, С2-1 блогы, 3-қабат, 3.22.9-кабинет, 2021 жылғы «28» қаңтар сағат 15:30.

7. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі оның іріктеуді жүргізу туралы ақпаратта және техникалық ерекшелікте көзделген шарттарды сақтай отырып, тауарды іріктеуге және жеткізуді жүзеге асыруға, қызметтер көрсетуге қатысуына келісім білдіру нысаны болып табылады.

8. Іріктеуге қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігі (жеке тұлғалар үшін) болуы тиіс.

9. Тауарлар, қызметтер сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде және техникалық ерекшелігінде (ерекшеліктерінде) белгіленген мерзімдерде жеткізілуі, көрсетілуі тиіс.

10. Баға ұсынысында қамтылған тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету шарттары Тапсырыс беруші орналастырған іріктеу туралы электрондық хабарландыруда жазылған шарттарға қайшы келмеуге тиіс.

11. Әлеуетті өнім беруші баға ұсынысы бар мөрленген конверттің беткі жағында мыналарды көрсетуі тиіс:

1) әлеуетті өнім берушінің атауы, БСН және пошталық мекен жайы (пошталық индексі көрсетілген заңды және нақты), сондай-ақ байланыс деректері (электрондық пошта, телефондар);

2) Тапсырыс берушінің атауы, БСН және пошталық мекен жайы, олар іріктеу туралы электрондық хабарландыруда көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуге тиіс;

3) өткізілетін іріктеудің атауы оған қатысу үшін лоттың (тардың) нөмірін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы ұсынылады («09/1-КФ Оңалту орталықтарын жабдықтауды сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын бағалау және салыстырмалы талдау тәсілімен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті өнім берушілерді іріктеуге қатысу, ____________________________________ лоттың (тардың) атауы мен нөмірін көрсету міндетті, «2021 жылғы «28» қаңтар сағат 15: 30-ға ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ).

12. Осы хабарландырудың 11-тармағының талаптарын бұза отырып ресімделген баға ұсынысы (-тары) бар конверт (-тер) тіркеуге жатпайды.

13. Баға (-лар) ұсынысы (-тары) бар конверт (-тер) оны ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін қабылданбайды. Осы талаптарды бұза отырып іріктеуге қатысу үшін пошта арқылы келіп түскен конверттер ашылмауы және 1 (Бір) жыл бойы сақталуы мүмкін.

14. Жеңімпазбен шарт жасасу кезінде шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде шарт бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету қарастырылады.

Егер шартта аванс (алдын ала төлем) төлеу қарастырылған жағдайда, әлеуетті өнім беруші:

1) шарттың жалпы құнының (сомасының) 3 (Үш) пайызы мөлшерінде шартты қамтамасыз етуді ұсынады;

2) шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша аванс (алдын ала төлем) сомасының 6 (Алты) пайызына тең авансты (алдын ала төлемді) қамтамасыз етуді енгізеді.

Шартқа қол қою талап етілетін мерзім шарттың жобасын, оның ішінде электрондық тәсілмен жеткізілгендерін алған күннен бастап 3 (Үш) жұмыс күнң ішінде.

 

Жаңалық материалдары
Түсініктеме қалдыру