news-img

Еуразия технологиялық университеті Алматыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен «Инженериядағы инновациялық технологиялар» атты ғылыми-техникалық конференция өткізді.

 

Конференция техникалық бағыттағы – машина жасау, көлік, көліктік техника және технологиялар, электр энергетикасы, сондай-ақ стандарттау және сертификаттау мамандықтары бойынша студенттердің ғылыми қызметін ынталандыру және белсендіруге бағытталды.

 

Конференцияны ЕТУ ректоры Жанар Темірбекова құттықтау сөзбен ашты. Ол өз сөзінде, «Техникалық бағыттағы мамандарды дайындайтын Еуразия технологиялық университеті оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы оқытудың негізгі және маңызды бағыттарының бірі деп санайды. Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деді:  «...қазіргі заманғы білім беру жүйесінің бірінші кезектегі міндеті – бұл сыни ойлауға ие және ақпараттық ағындарда бағдарлануға қабілетті адамдарды дайындау". Осыған байланысты, университет ғылыми қызметтің мәртебесін көтеру және дәріптеу мақсатында жас ғалымдарды белсенді түрде қолдайды. Ғылыми үйірмелерге қатысуы, университеттің ғылыми жобаларына орындаушы ретіндегі жұмысы жоғары бағаланады» -деп атап өтті.

 

Ректор сондай-ақ «студенттер үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін көрсетуге және өз еңбегіне баға алуға тамаша мүмкіндік» болып табылатын ғылыми-техникалық конференцияларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

 

Ғылыми-техникалық конференцияның негізгі спикерлері болып «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС ғылыми хатшысы Ғани Жұматай, ҚазҰАУ «Энергия үнемдеу және автоматика» кафедрасының меңгерушісі Жандос Шыныбай, ЕТУ Инжинирингінің білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы Владимир Лаптев және т. б. болды. Конференция аясында жоғары оқу орны мен өндірістік кәсіпорындардың тығыз ынтымақтастығының мүмкіндіктері анықталды.

 

«Алматы Электрқалқан зауыты» ЖШС-нің бас инженері Ілияс Дүйсебаев «...машина жасау кәсіпорындарын цифрландыру және Қазақстанның барлық экономикасын сәтті цифрландырудың кепілі және инженериядағы инновациялық технологиялар – бұл тек сандық технологиялар ғана емес, ең бастысы — бұл оларды жасаушы адамдар»,-деп атап өтті.

 

Конференцияның екінші жартысы үш секцияның жұмысымен жалғасты, ол жерде ЕТУ студенттерінен басқа, Satbayev University оқушылары да белсенді қатысты. Барлық баяндамалар 50-ге жуық болды, олардың үздігі I, II және III-дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен, «Қоқыс өңдеу процессіндегі пластика бөлімі»  (Жамал М., Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰИТУ-нің 4 курс студенті) және «Экомобильдер – болашақтың автомобильдері» (Ыбраев Ә, с Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰИТУ-нің 4 курс студенті) тақырыптарындағы баяндамалар бірінші орынды өзара бөлісті.

 

Конференция материалдары ЕТУ электронды жинағына кіреді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы

Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Жұмашев Артур

+7 708 960 56 13, a.zhumashev@fpp.kz

www.fpp.kz

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру