«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қорында топ жарған таланттардың айтулы жетістіктерін бүкіл халық білуі тиіс. Стипендиаттарды таныстыра отырып, олардың қажырлы еңбегін, жасампаз рухы мен жарқын жеңіске деген жігерін үлгі-өнеге ретінде көрсетеміз.

 

Бүгінгі кейіпкеріміз - Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының (Қаз-БСҚА) жалпы құрылыс факультетінің 3 курс студенті Саяуыш Бектаев.

Саяуыштың студенттік өмірі қым-қуыт қызыққа толы: топ старостасы әрі көшбасшысы, студенттік ғылыми қоғамның президенті, жастарға арналған сан түрлі олимпиада мен жобалардың белсенді қатысушысы.

 

Саяуыш робототехникадан талай рет олимпиадада жеңімпазы атанып, студенттік конференцияда жүлделі орынға ие болған. 2018–2019 оқу жылының қорытындысы бойынша «Жыл студенті» номинациясын жеңіп алды. Биылғы оқу жылында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, студент өмірін дамытуға қосқан үлесі, белсенді азаматтық ұстанымы, патриотизм мен күзгі семестрді үздік тапсырғаны үшін ректордың алғыс хатымен марапатталды.

 

Қордың стипендиаты «ең бастысы – сүйікті ісіңмен айналысу, мақса-тыңа сенімді қадам басу және қиындықтан қорықпау керек» деп санайды. Саяуыштың ұраны: «Алда әлі талай шаруа бар, егер арманыңа сенсең, кез-келген істен қорықпайсың!».

 

- Маған құрылыс саласында ғылыммен айналысқан ұнайды. Қазіргі таңда инновация қарқынды дамып келеді, сол себепті, 3D графика-лық бағдарламаларды (AutoCAD, Revit, Лира-САПР) үйреніп жүрмін. Олар жобалау кезіндегі ұсақ бөлшектерді де көруге мүмкіндік туғызады, бұл қиял мен шығармашылыққа белгілі бір деңгейде еркіндік береді, - дейді Саяуыш Бектаев.

Түсініктеме қалдыру