«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін берілетін Назарбаев сыйлығы:

- ядролық қаруды таратпауға, қарусыздануға, ядролық қорларды қысқартуға және жоюға, ядролық сынақтарды тоқтатуға, ядролық энергияны бейбіт мақсаттарда пайдалануға қосқан зор үлес үшін;

- бейбітшілік пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенімді, мемлекетаралық қатынастарда теңдік пен біркелкі қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған белсенді қызмет үшін беріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ отандық, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдар Сыйлықты тағайындауға кандидат бола алады.

Отандық, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардың Сыйлықты алуға ұсынылу құқығы бар.

Өтінімдерді ұсыну Нұрсұлтан Назарбаев Қорының интернет-ресурсында электрондық нысанда жүргізіледі. Онда ізденушінің анкеталық деректері, азаматтығы, жұмыс орны немесе кәсібі, ғылыми дәрежесі, ғылыми немесе құрметті атағы (бар болса) және ізденушінің қосқан зор үлесін және (немесе) белсенді қызметін растайтын өзге де ақпарат көрсетіледі.

Назарбаев сыйлығын тағайындауға өтінімдер: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Бөкейхан көшесі, 1 мекенжайында және/немесе prizeworld@fnn.kz электрондық мекенжайында 2021 жылғы 30 сәуірден кешіктірмей қабылданады.

Назарбаев сыйлығын тағайындау мәселесі бойынша қосымша ақпарат алу үшін +7 7172 767007 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Өтінім нысаны «Жобалар мен байқаулар» бөлімінде.

Түсініктеме қалдыру