news-img

Алматыда 21 қарашада «Тұран» университеті базасында Apple сандық зертханасының ресми ашылуы өтеді. Қазақстанда алғаш рет Apple Digital Lab іске қосуды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Қазақстанның маркетинг қауымдастығы қолдады.

 

Балалар мен жастарға арналған жоба аясында Apple әзірлеген білім беру бағдарламаларына — Everyone Can Code (әрқайсысы бағдарламалай алады) және Everyone Can Create (әрқайсысы жасай алады) қол жеткізу мүмкіндігі ашылады. Бағдарламалар таяу болашақта ең қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған – бұл бағдарламалау және креативтілік. Бұл тренд «The Future of Jobs report 2018» есебінде Бүкіләлемдік экономикалық форуммен расталды.

 

— Жылдам дамып келе жатқан әлемде білім мен мансаптағы трендтердің дамуына үлгеру өте маңызды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар мен талдаушылар 10-15 жылдан кейін бүгінгі мектеп оқушылары мен студенттер әлі жоқ мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндігін айтады. Зерттеушілер алдағы уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы роботтар мен жасанды интеллектпен алмастырылатынын атап өтті. Осы факторларды ескере отырып, Тұңғыш Президент Қоры өз бастамалары мен жобалары арқылы қазіргі заманғы жас ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға ұмтылады. Apple Digital Lab сандық зертханасының ашылуын қолдау — осы миссияны іске асыру кезіндегі Қордың стратегиялық бағыттарының бірі, — деді Қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

 

Сандық зертханада сабақтар 15 қарашадан бастап өтеді. Осы уақыт ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 арнайы (түзету) мектеп-интернатының және жетім балаларға арналған «Жанұя» мамандандырылған кешенінің тәрбиеленушілері оқудан өтті. 22 қарашада сандық зертхананың есігі Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ашылады. Әлеуметтік мекемелерден келген жастардың Apple Digital Lab шеберлік сабағына  қатысуы Қазақстандағы инклюзивті қоғамды дамыту жолында ұйымдастырушылар тарапынан маңызды қадам болып табылады.

 

Сондай-ақ, сандық зертхана сандық ортада жұмыс істей білетін – бүгінгі сандық шындық деңгейінде білімді қалыптастыратын және беретін сандық ортада жұмыс істей алатын профессор – оқытушылар құрамын қалыптастыруға бағытталған. Бұл «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша адами капиталды дамыту контексінде маңызды фактор болып табылады.

 

- Бүгін біз оқыту үдерісіне цифрлық технологияларды ықпалдастыруда оқытушылар тарапынан жоғары белсенділікті байқаймыз-сынып жұмысын ұйымдастыру, оқушылардың тартылуын қамтамасыз ету және сапалы білім беру контентін құру. Бірінші Президент Қорының «Тұран» Университетімен әріптестікте атқарып жатқан жұмысы – бұл білім беру нарығында алға үлкен қадам, — деп атап өтті Apple-дің ТМД елдеріндегі білім беру бағдарламаларының жетекшісі Юлия Андреева.

                                                                                                                              

Apple Digital Lab презентациясының аясында сандық зертхана мен оның мүмкіндіктері, БАҚ үшін шеберлік сабақтар және журналистер мен блогерлерге арналған конкурс өтеді. Толық бағдарлама-салынымда.

 

Іс – шараның басталуы-сағат 11:00-де. Аккредитация телефон бойынша: +7 701 798 0608 (WhatsApp, Telegram) немесе электрондық пошта aneliya@mindstyle.kz-Анелия Мұхаметкәрімова.

 

Мекен-жайы: Алматы, «Тұран» университеті, Сәтбаев көшесі, 16а, 218 ауд.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының  Қоры

баспасөз қызметі

PR-менеджер Жұмашев Артур

+7 708 960 56 13, a.zhumashev@fpp.kz

www.fpp.kz

 

Түсініктеме қалдыру