«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Қарасай ауданының білім беру қоры қазақ тілінен олимпиада өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Қарасай ауданының білім беру қоры қазақ тілі пәнінен олимпиада ұйымдастырды. 


Қарасай өңірінде бұл дәстүрлі  бірінші олимпиада қазақ тілі пәнінен өткізіледі. Олимпиада кибер-проекторингті қолдану арқылы proctoring.sdu.edu.kz веб-сайтының Moodle платформасында онлайн түрде өтті. 


Олимпиадаға қатысуға үшін 41 мектептен 184 өтініш түскен. Өтініш жіберушілер Алматы облысы Қарасай ауданындағы жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары.


Білім жарысында Қор қызметкерлері, оқу орталықтарының басшылары, жоғары оқу орындарының аға оқытушылары комиссия мүшелері болды.


Олимпиада тапсырмалары тест сұрақтары түрінде берілді. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. 

1 орын - Қосаева Нүрия, Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы.
2 орын - Тлетай Азамат,  Қарасай батыр атындағы орта мектеп. 
3 орын - Құлбек Рамазан, Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясы.

Түсініктеме қалдыру