«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» концерт залының сахнасында «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының алтыншы маусымы қорытындыланды. Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев қоры және ҚР Мәдениет және спорт мнистрлігінің қолдауымен «Жандану әлемі» қоры өткізді.

2021 жылдың 25 наурызы мен 15 мамыры аралығында өткен қашықтықтан іріктеу турына 8 жастан 12 жасқа дейінгі 5583 бала қатысты. Еліміздің 17 аймағынан 17 дарынды жас әртіс финалға өтті. Жас таланттар тұрақты өтетін онлайн сабақтарынан тыс уақытта «Жұлдызды үйде» қорытында концертке дайындалды.

Байқаудың суперфиналы 2 жарқын шоуды қамтыды. Бірінші концерт күні финалист балалар шетелдік және отандық танымал хиттерді орындады.

Екінші қорытынды концерттік бағдарлама аясында жас әншілер менторлармен, өткен жылдарда финалист атанған әншілермен бірге танымал және ерекше әндерді шырқады. 17 финалистің барлығы жоғары кәсіби шеберлігі мен вокалдық мүмкіндіктерін көрсете білді. Олар шеберліктерімен кәсіби қазылар алқасының мүшелерінің көңілінен шықты.

Қазылар алқасының құрамында: Әли Оқапов, Айгерім Ракишева (Айре), Ерден Жақсыбеков, Бейбіт Кушкалиев және Диана Снегина болды. Көрермендер Илья Башкатов бастаған топтың сүйемелдеуімен балалардың ерекше өнерін тамашалады. Әр финалистің таланты мен дайындық деңгейімен сахнаны бағындырды. Ал көрермендер жобаның ресми сайтында өздерінің сүйікті жас әртісіне дауыс берді.

Батыс Қазақстан облысынан келген Даукенов Санжар телекөрермендер сыйлығының иегері атанды. Үш финалист бірден үшінші жүлдеге ие болды. Олар: Атырау облысынан Төлеген Алтынай, Қызылорда облысынан Серік Мадияр және Түркістан облысынан Болат Майя. Екінші жүлде – алматылық Макс Джули мен Қарағанды ​​облысынан Виктор Емельяновқа бұйырды. Бірінші жүлде – Маңғыстау облысынан келген Асгатова Аминаға берілді.

Ал байқаудың Бас жүлдесі мен Ұлттық өнер университетінде оқуға грант – 8 жасар елордалық Жасмина Тузеловаға табысталды.

«Бала дауысы» әр қатысушының өміріндегі ерекше кезеңге айналады. «Бала дауысы» әр бала дамуына даңғыл жол салады. Ең бастысы – бұл байқауға қатысу арқылы  балалардың бойында  ең асқақ армандарының орындалатынына және өзіне деген сенімділігі пайда болады.

Түсініктеме қалдыру