news-img

Әмина Абдулова – А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжінің «Фортепиано» мамандығы бойынша 4-курс студенті. Ол оқу орнының өмірінде белсенділік танытып, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларға, концерттерге, фестивальдерге қатысып жүр. Сонымен қатар, стипендиатымыз 19 жасқа толмастан А.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының камералық оркестрінің әртісі болып жұмыс істейді.

Оның музыкаға деген қызығушылығын анасы оятқан. Әмина кішкентайынан осы өнермен айналысады. Кейіпкеріміз музыка арқылы өз ойы мен сезімін жеткізеді. Қыз әр шығарманың өзіндік бояуы, эмоциясы, мінезі болатынына сенімді.

Жеткен жетістігіңізбен тоқтап қалуға болмайды. Егер көздеген мақсатыңызға жетсеңіз немесе ойлағаныңыз сәл болмай қалса да, тоқтап қалмай, алға қадам басу керек. Арманыңызға жеті қаншалықты қиын болса да, барлық мүмкіндіктерді қолданып, жетуге тырысыңыз. Әрқашан өз күшіңізбен мүмкіндіктеріңізге сенімді болыңыз! — дейді Әмина Абдулова.

Жас әртіс Нұрсұлтан Назарбаев қорының шәкіртақысын жеңіп алу үшін байқау болатынын өзі оқитын колледдің жоғары курс студенттерінен білген. Ол үшін байқауға қатысу биылғы оқу жылының басты оқиғаларының бірі болыпты.

Қордың шәкіртақысыне ие болу – мен үшін өте маңызды жетістік. Бұл – менің жеңісім! Менің мақтанышым! Шығармашылық тұрғыдан белсенді, күш-қуаты мол және бір нәтижеге қол жеткізгендердің барлығына шәкіртақы байқауына қатысуға тілектеспін! Өйткені стипендия тек материалдық қолдау ғана емес, сонымен қатар сіздің бірегейлігіңіздің дәлелі! — деді Әмина Абдулова.

Түсініктеме қалдыру