Алматыда Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Ғылым мен Мәдениет бойынша Кеңестердің көшпелі отырысы өтті.
Кеңестердің мүшелері мен Қор қызметкерлері 2018 жылдағы қызмет қорытындыларын шығарды, ағымдағы іс-шаралар мен 2019 жылы біріккен іс-шаралар өткізу перспективаларын талқылады.
Отырыс аясында танымал бизнес-жаттықтырушы Гани Абадан «Тиімді коммуникациялар» тренингін өкізді. Іле Алатауының «LUKI ат. Орман шаруашылығы жатығу шыңдарында», қатысушылар үшін «Мақсаттар қою және қол жеткізу» тақырыбында тимбилдинг ұйымдастырылды. Басты жаттығулардың бірі- шыңға шығу мен дайындалған нысанаға қол тигізу болды.
- Нысана біздің «Үлкен мақсатымызды» білдіреді. Шың - жол. Тастар мен кез-келген ілгектер - жобалар. Шыңға шығу кезінде мақсатқа қол жеткізуде сезінетін сезімдерімізге ұқсас әсерде боласың. Барлығын тастағың келіп, бойыңды қорқыныш билейді, бірақ бір мезетте. Сен күш тауып жоғарыға шығасың, дейді бизнес-жаттықтырушы Гани Абадан.
Қатысушылар әр түрлі тақырыптарда импровизациялады, мысалы, әрекеттердің стереотиптік тәсілдерін және коммуникация кедергілерін жеңуді үйренді.
ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі
PR-менеджер Алтынай Аманбаева
+7 (727) 220-92-16, +7 (701) 506-62-02
a.amanbayeva@fpp.kz, www.fpp.kz
Фото – Виталий Ткач