contest-img

«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Қарағанды, Павлодар, Талдықорған, Петропавл, Жезқазған және Шымкент қалаларында нейро-ортопедиялық ауытқуы бар балаларға арналған алты оңалту орталығын ашу жобасы қолға алынған. 2024 жылы бес орталық іске қосылды, тағы біреуі 2025 жылдың соңына дейін ашылады.

Әр орталық жыл сайын 3 жастан 18 жасқа дейінгі 600 балаға дейін қабылдап, оларға әлемдік брендтердің жоғары сапалы жабдықтары арқылы кәсіби оңалту қызметін ұсынады.

Орталықтарда неврологтар, логопедтер, реабилитологтар, дефектологтар және шетелдік сарапшылардың қатысуымен оқытылған психологтардан тұратын мультидисциплинарлық мамандар тобы жұмыс істейді. Мамандар Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қаржыландыруымен даярланды. Бұл орталықтар мыңдаған отбасы үшін кәсіби көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етіп, Қазақстандағы қолжетімді оңалту жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

Байланыс нөмірі: +77172571426

Бөлісу

    «QH Оңалту орталықтары» облыстық оңалту орталықтары

    Әлеуметтік навигатор