contest-img

«Болашақ ғалымдары» — бұл Қордың үздік ғылыми жұмыстар байқауы. Ол жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық бағыттар бойынша студенттер арасында өткізіледі. Байқау мақсаты — Қазақстандағы ғылымның одан әрі дамуы мен жастардың әлеуетін ашу.

ҮМІТКЕРЛЕР

Байқауға ғылыми-зерттеу жұмыстарын өз бетімен орындап аяқтаған жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАР

Байқау келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  • Физика және математика;
  • Химия, химиялық технология, техникалық және инженерлік ғылымдар;
  • Биология және медицина;
  • Жер туралы ғылымдар, экология және ауыл шаруашылық ғылымдары;
  • Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар;
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуындағы рөлі туралы.

БАЙҚАУ КЕЗЕҢДЕРІ

Байқау екі кезеңде өткізіледі:

  • үздік студенттерді оқу орнының ішінде іріктеу;
  • республикалық тур  оқу орындары ұсынған және байқауға жіберілген студенттер арасында Қордың ұйымдастыруымен  өтеді.

ӨТІНІМ БЕРУ

Оқу орны көрсетілген мерзімде қажетті құжаттардың тізімімен бірге байқау өтініштерін береді («Болашақ ғалымдары» Қордың Республикалық байқауы туралы ережені қараңыз). Оқу орнының мөрімен расталған бір дана өтініш барлық қосымша құжаттармен беріледі.

ЖЕҢІМПАЗДЫ АНЫҚТАУ

Байқау жеңімпазын Қордың байқау комиссиясы анықтайды. Комиссия шешімі қарапайым ашық дауыс беру жолымен жүзеге асырылады.

ЖЕҢІМПАЗДЫ МАРАПАТТАУ

Байқау лауреаттары:

  • Қордың «Үздік ғылыми жұмыстары үшін» медалімен;
  • Республикалық байқау лауреаты дипломымен марапатталады.

КЕРІ БАЙЛАНЫС

Алматы қ., Иванилов, к., 12а.
E-mail: сму@fpp.kz

contacts-Едігеева Роза Мақашқызы
Едігеева Роза Мақашқызы
Жобаның басты үйлестірушісі

«Болашақ ғалымдары» байқауы

       

Әлеуметтік навигатор