contest-img

Соңғы жылдағы зерттеулер көрсеткендей, тағам өнімдері адам ағзасының қоректік қажеттіліктерін қанағаттандырумен қатар, оның әртүрлі функцияларын модуляциялауға және кейбір аурулар кезінде оң әсер етуге қабілетті. Әртүрлі қоректік заттармен байытылған функционалды тағам өнімдерін әзірлеу - қазіргі таңда адам тамақтану құрылымын өзгертуге бағытталған ең озық бағыттың бірі.

Геронтология саласындағы ғылыми тұжырымдамалар соңғы жылдары қартаюға байланысты аурулардың алдын алу мақсатында функционалды тағам өнімдерін пайдалануға бағытталған. 50 жастан асқан адамдар арасында жүргізілген 18 айлық DIRECT PLUS зерттеуі алғаш рет полифенолдарға байытылған диетаның биологиялық жасты төмендетуге, жүрек-қантамыр аурулары, диабет, семіздік және нейродегенеративті патологиялар қаупін азайтуға мүмкіндік беретінін көрсетті.

Фитополифенолдар негізіндегі функционалды тағам өнімдерін жасаушы алғашқыларының бірі - Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығы, ал алғашқы өндірісті іске қосқан - «VictusPharm» ЖШС (Ғылым комитетінің және ҚР БҒМ Ғылым қорының гранттары негізінде).

Қазіргі уақытта зерттеулерді кеңейту және өндірісті ұлғайту экзосомалар мен өсімдік тектес экзосомаға ұқсас нанобөлшектер, терең эвтетикалық еріткіштерді қолдану, СО2 экстракциясы және лиофильді кептіру әдістерін қолдану сынды бағыттар бойынша аса өзекті болып отыр.

Бұл жобаны «Инновациялық және профилактикалық медицина институты» КҚ «VictusPharm» ЖШС және «Қазақ тамақтану академиясы» ЖШС бірлесе жүзеге асыруы геропротекторлық (геродиетикалық) бағыттағы функционалды тағам өнімдерін жасауды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты

Адамның жасына байланысты ауруларының (жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдром, остеопороз және нейродегенеративті патология) қаупін төмендетуді қамтамасыз ететін полифенолдарға негізделген функционалды тамақ өнімдерінің желісін құру және өндіру.

Жобаның міндеттері

1) Эксперименттік жұмыстар жүргізу - «VictusPharm» ЖШС-нің ҚР ОАМ гранты аясында өсімдік шикізатынан экзосомалар мен экзосомаға ұқсас нанобөлшектерді алу және олардың биологиялық белсенділігін анықтау.
2) Жаңа эвтектикалық еріткіштерді әзірлеу - полифенолдарды экстракциялау тиімділігін арттыру үшін (2025-2027 жж. ҚР ОАМ гранттық байқауына өтінім беру жоспарланған).
3) Технологиялық жабдықтарды сатып алу және өндірістік алаңды жабдықтау - СО2 экстрактор, лиофильді кептіру аппараты, өндірістік және қаптау желілері.
4) Функционалды тағам өнімдерінің үлгілерін алу, патенттеу, сараптамадан өткізу және тіркеу. 
5) Геропротекторлық (геродиетикалық) бағыттағы тағам өнімдерін әзірлеу және тәжірибелік партияларды өндіру. 
6) Өндіріс үдерісін жетілдіру, сериялық өндірісті іске қосу және клиникалық зерттеулер жүргізу.

Бөлісу
    contacts-Гуляев Александр Евгеньевич
    Гуляев Александр Евгеньевич
    Профессор

    «Геропротекторлық (геродиетикалық) бағыттағы функционалды тағам өнімдерін зерттеу, әзірлеу және өндіру» жобасы

    Әлеуметтік навигатор