«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

ҚР Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Қазақстандық жас ғалымдардың Қазақстандағы ғылымды дамытудың жаңа моделі жөніндегі ұсыныстарын тыңдады.

Сарапшылар тобының жұмысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының  бастамасымен  ҚР Үкіметінің жобалық офисімен бірлесіп «Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Бағдарлама мақсаты – экономиканың негізгі салаларын трансформациялау үшін нақты ұсыныстар әзірлеу.

Отырыс барысында Комитет төрағасы Бейбіт Мамраев Мемлекет басшысының ғылымды жаңғыртудағы тапсырмаларын атап өтті «қоғам үшін ғылым, дәлірек айтқанда, оның коммерцияландырудан өткен жетістіктері қызығушылық тудырады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бізге еліміздің ғылыми-технологиялық дамуы бойынша жеке құжат қажет. Бұл жерде тың көзқарас, жаңа көзқарас, халықаралық тәжірибеге сүйену керек».

Ғылым жөніндегі салалық команда елдегі ғылымның жай-күйіне және реформалардың халықаралық тәжірибесіне талдау жүргізе отырып, Қазақстан үшін жаңа және көптеген елдерде табысты сынақтан өткен стандарттан тыс тәсілді ұсынады.

Отырыста жас сарапшылардың атынан команда менторы - «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының директоры Фархад Қуанғанов сөз сөйледі.

- Біз ғылымның жаңа моделінің үш базалық компонентін ұсынамыз - ғылымға сұранысты экономикалық ынталандыру, ең алдымен салықтық преференциялар, университеттік ғылымды қолдау және Президент жанындағы ғылымды гранттық қаржыландыру қорларын құру.  Ұлыбритания, Гонконг, Канада, Литва, Сингапур, АҚШ, Түркия, Финляндия, Швеция, Оңтүстік Корея және Жапония сияқты елдердегі ғылымды басқару жоғарыда көрсетілген үш базалық тіректің негізінде ұйымдастырылатынын  атап өтемін, - деді Қуанғанов.

Базалық компоненттің әр қайсысына салалық команда жеке шешім ұсынды.

Біріншіден, команда Сингапур мен басқа елдердің үлгісі бойынша ҒЗКТЖ - ға жұмсалатын шығындар бойынша 300%-ға дейін бизнес үшін супервшегерулер жасауды ұсынады.

Ол үшін ҒЗКТЖ үшін салықтық әкімшілендіруді жаңарту қажет. Бүгінгі таңда Салық кодексінде процедураның болмауына байланысты жеңілдіктер негізінен уәкілетті органда тіркелген кезде ғылыми ұйымдарға беріледі. Яғни, осы уақытқа дейін нарық алдымен ұсыныс, содан кейін сұраныс жасайды. Ал бизнес тарапынан сұраныс ғылым мен инновацияны дамытудың негізгі катализаторына айналуы тиіс.

Екінші. Университет ғылымының дамуы. Салалық команда эндаумент-қорларды құру мен ғылыми кәсіпкерлікке оқытудан бастап қолданыстағы коммерцияландыру туралы заң шеңберінде бірлескен ғылыми жобаларға дейін жоғары оқу орындары мен бизнесті коллаборациялау шаралары пакетін ұсынады.

Үшінші. АҚШ тәжірибесіне сүйеніп ҚР Президенті жанынан ғылымды гранттық қаржыландырудың ұлттық қорын құру. АҚШ Ұлттық Ғылым қорының (NSF) Кеңесіне Президентпен ең көбі 4 жылдан 2 мерзімге тағайындалатын атақты ғалымдар кіреді. Қордың ғылыми зерттеулерге ұсынатын шағын гранттары негізінен ғылыми ұйымдар мен бизнес үшін талдау болып табылады. Команда Ұлттық Ғылым қорының қаражатын жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерімен (1%), сондай-ақ демеушілердің қайырмалдықтары негізінде қалыптастыруды ұсынады.

Комитеттің қарауына ұсыныстарды енгізер алдында 11 елдің ғалымдары мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының серіктестері бұған дейін өткізілген онлайн форумда салалық менеджерлердің зерттеу нәтижелерін қолдағанын атап өткен жөн.

Оң шешім қабылданған жағдайда, команда нақты нормативтік актілердің жобаларын, соның ішінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жобаларды ұсынуға дайын.

Түсініктеме қалдыру