«El umiti – 2023» білім беру лагерінде шеберлік дәрістері, тренингтер мен спорттық ойындар өткізіледі
14 пен 18 жас аралығындағы 110 жас қазіргі кезде Бурабайдағы «KEGOC Оқу орталығы» демалыс аймағында уақытын тиімді өткізіп жүр. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «El Umiti» корпоративтік қоры «El umiti – 2023» білім беру лагерін ұйымдастырған.
«ЖасSTAR» шығармашылық жастар фестивалі қалай өтті
20-23 маусым аралығында Алматы маңында «ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өтті. Жыл сайын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастыратын жиынға 200-ден астам өнер қайраткері мен «жаңа сахна» өкілдері қатысты. Жобаның басты мақсаты – мәдениет пен өнер саласында жолын енді ғана бастаған жандармен белгілі мамандар арасында тәжірибе, білім және тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау.
ЖасSTAR – 2023: фестиваль қатысушыларын перформативті тәжірибе несімен таң қалдырды
Іле Алатауы ұлттық саябақ аумағына төрт күн бойы «ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестиваліне қатысушылар жиналды. Мұнда «Маралсай» туристік кешенінде 200-ден астам жетекші өнер қайраткері мен креативті тап өкілі білімімен бөлісіп, тәжірибе алмасады.
Алматы маңында «ЖасSTAR» шығармашылық жастар фестивалі өтіп жатыр
Алматы маңындағы Іле-Алатау ұлттық саябағы аумағында «ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі басталды. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастыратын мәдениет пен өнер қайраткерлері білім мен тәжірибе алмасатын жыл сайынғы диалог алаңы. Биыл фестиваль open air форматында – 20-23 маусым аралығында өтеді.
«13 ерте араласу орталығын жабдықтау » тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу тәсілімен алу туралы хабарландыру
«Қамқорлық Қоры» корпоративтік қоры БСН 200240009071 (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес, 13 ерте араласу орталығын жабдықтау 14/9-КФ үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді байқау тәсілімен сатып алуды жариялайды.
Астанада I Халықаралық психологтар форумы өтіп жатыр
2023 жылдың 15 маусымында «El Umiti» корпоративтік қоры ҚР Оқу-ағарту министрлігімен және Дарындыларды қолдаудың еуропалық кеңесімен бірлесіп Астанада «Балалар мен жастардың қабілеттерін, дарындылығын диагностикалау мен дамытудағы өзекті мәселелері» I Халықаралық психологтар форумының алғашқы күні тәмамдалды.
«Жеңістерге бірге» атты VI Паралимпиадалық старттарға 180 адам қатысты
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Ұлттық Дельфий комитетінің «Жеңістерге бірге» паралимпиадалық старттары жас спортшылар үшін әрқашан маңызды іс-шара, себебі олар өздерінің зияткерлік, физикалық қабілетін көрсетіп, еліміздің өзге өңіріндегі құрдастарымен танысуға жол ашады.
Қонаев қаласында ерекше қажеттілігі бар балалардың «Жаңа көзқарас» фотокөрмесі өтіп жатыр
Есту, көру қабілеті бұзылған балалар, сонымен бірге психоневрологиялық бұзылысы, Даун синдромы бар және церебральды сал ауруымен ауыратын балалар бүгін Қонаев қаласында өтіп жатқан «Жаңа көзқарас» республикалық фотокөрмесінің бас авторлары болып табылады.
Студенттік шәкіртақы ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметті дамытуға серпін береді
Жыл сайын Қазақстанның ондаған студенті Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атаулы шәкіртақысына ие болады.
Өскеменде ерекше балаларға арналған орталықтар ашылды
Халықаралық балаларды қорғау күні Өскеменде аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық пен ерте араласу орталығы ресми түрде ашылды.
Талдықорғанда аутизмі бар балаларға арналған орталық пен ерте араласу орталығы ашылды
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Талдықорғанда аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық және ерте араласу орталығы ашылды.
Атырау облысындағы жаңа оңалту орталығы жылына 600 баланы қабылдайды
Атырау қаласында «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды. Қалалық перзентхана базасында орналасқан орталық медициналық, әлеуметтік және педагогикалық бағытта жұмыс істейді.
Қордың стипендиаты Кристина Весельская: Арманыңызға шектеу қоймаңыз
Кристина Весельская М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде «Аударма ісі» мамандығында оқиды. Бойжеткеннің тілге деген сүйіспеншілігі бала кезінде поляк және неміс тілінде сөйлеген туыстарының сөзін естігенде оянған. Сол кезде бірнеше тілде еркін сөйлеу мүмкін еместей болып көрінген. Осылайша, ол тіл үйренуді мақсат тұтты.
Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі-2023 жеңімпаздары марапатталды
Елімізде құқықтық құзыреттерді дамытуға, цифрлық теңсіздікті төмендетуге және қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған 11 әлеуметтік жоба пайда болады. Олардың барлығы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған «Құқық, денсаулық және коммуникация – қазіргі әлемнің орнықты дамуына бағдарлар» республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының жеңімпазы атанды.
Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі қалай өтіп жатыр
Кеше байқауға қатысушылар «Құқықтық құзыреттер: сыйластық мәдениеті және заңдылықты сақтау» мен «ҮЕҰ үшін коммуникациялар: халықпен жұмыс істеудің үздік стратегиялары» атты екі номинация бойынша жобаларын таныстырды. Бүгін қазылар алқасының мүшелері «Халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты: денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікті арттыру» атты тағы бір номинацияға қатысушыларды тыңдады. Комиссияның алдында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грант иегерлеріне анықтау сынды маңызды міндет тұр.
ҮЕҰ саласындағы сарапшылар Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі туралы қандай пікірде?
Қазақстанда «Құқық, денсаулық және коммуникация – қазіргі әлемнің тұрақты дамуына бағдарлар» Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі басталды. ҮЕҰ-ның 50 өкілі екі күн бойы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шешімі мен бастамасын таныстырады. Қазылар алқасының бағалауы бойынша үздік жобалар Нұрсұлтан Назарбаев Қорынан идеясын іске асыруға грант алады.
Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі басталды
Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының 50 финалисі бүгін-ертең қазақстандықтардың әл-ауқатына бағытталған шешімі мен бастамасын ұсынады. Ең үздігі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грантын иеленеді.
Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінде сыни ойлау және ақпараттық сауаттылық туралы тренингтер өтеді
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында екі интерактивті тәжірибелік онлайн тренинг өтеді. 19 мамырда спикерлер тәжірибесімен бөліседі және ҮЕҰ өкілдеріне ұйымдардың әлеуеті арттыру үшін қызметіне нені енгізу керектігін айтады.
Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының 50 финалисі анықталды
Нұрсұлтан Назарбаев Қорында "Құқық, денсаулық және коммуникация — қазіргі әлемнің орнықты дамуына бағдарлар" республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының I және II кезеңі қорытындыланды.
Шығармашылық жобаларды дамытуға арналған гранттар байқауы
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мәдениет және өнер саласындағы шығармашылық жобаларға республикалық гранттар жариялайды. Ол 2023 жылдың 11 маусымына дейін жалғасады.