Алматыда Қазақстанның паллиативтік көмек қауымдастығы 10 жылдығын атап өтіп жатыр
Осыған орай, Caspian University қабырғасында «Қайырымдылық қоғамдастығы: Қазақстандық паллиативтік көмек қауымдастығына 10 жыл» атты VIII республикалық конференциясы өтуде. Бұл гуманитарлық философияны және Қазақстандағы паллиативтік көмектің үздік әлемдік тәжірибесін насихаттайтын коммерциялық емес, үкіметтік емес, қайырымдылық қауымдастығы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры интеллектуалды дамуында ерекшелігі бар адамдарға арналған спорт федерациясы кеңсесінің ашылуына қолдау көрсетті
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Астанада интеллектуалды дамуында ерекшелігі бар адамдарға арналған спорт федерациясы кеңсесі техникалық түрде ашылды.
Шымкентте I халықаралық жас ғалымдар мен студенттер форумы өтті
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы ұйымдастырған форумға Қазақстанның, сонымен қатар, жақын және алыс шетелдердің 50 жоғары оқу орнынан, ғылыми орталықтары мен медициналық ұйымдарынан мыңнан астам жас ғалым мен студент қатысты.
«Inno.Fest» Qyzylorda 2023 2500 қатысушының басып қосып, үздік инновациялық жобаларды анықтады
24 сағат ішінде 250-ге жуық команда «SmartCity», «Контент&Дизайн» және «Кино&Видео» сияқты бағыттар бойынша идеядан прототипке дейін IT саласында жобалар жасады. Ауқымды іс-шараға өңір жастарымен қатар Астана, Түркістан және Байқоңырдан келген ІТ саласының дарынды жастары қатысты.
Алтыншаш Мұқатаева тыңдарманға шабыт сыйлаған әнші
Мәдениет және өнер саласындағы шығармашылық жобаларға арналған республикалық гранттар байқауы жеңімпазының бірі Алтыншаш Мұқатаева. Ол музыкалық композиция жазу үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорынан грант алды.
Цифрлық әлемдегі адамның құқығы
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Каспий университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебі мен Жария құқық ҒЗИ ұйымдастырған «Интернет және адам құқықтары» XVII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында осы мәселе кеңінен талқыланды. Іс-шара адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығына және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылды.
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана клубының» жетінші отырысына қатысты
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Астана клубының» пленарлық отырысына қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев алқалы жиын барысында клубтың халықаралық деңгейде танымал әрі сұранысқа ие пікірталас алаңына айналғанын жеткізді.
Әлемдік экономика, Орталық Азия, Таяу Шығыс, жасанды интеллектті дамыту мәселесі – Астана клубының VII отырысына арқау болды
VII Астана клубының жұмысы жалғасуда. Сарапшылар әлемдік экономикадағы ахуал, Орталық Азия аймағындағы үдерістер, санкциялық қарама-қайшылықтың әлем елдерініің дамуына әсері, Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыру жолдары, жасанды интеллекттің дамуына байланысты мәселелер мен сын-қатерлер сияқты сан түрлі тақырыпты талқылайды.
Тревожное завтра: какие шаги нужно предпринимать для лучшего будущего?
8 жыл ішінде Astana club жұмысына әлемнің 40-тан астам елінен 200-ден астам спикер қатысты.
Бейбітшіліктің жаңа формуласы: трансформация қарсаңында
11-12 желтоқсанда Астанада жыл сайын саяси қайраткерлер, дипломаттар, беделді ғалымдар мен әлемдік ірі талдау орталықтарының жетекші сарапшылары бас қосатын Astana Club халықаралық пікірталас алаңының VII отырыс өтіп жатыр.
Брюссельде Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы мүмкіндіктері туралы конференция өтті
Биыл 7 желтоқсанда Брюссель баспасөз клубында «Орталық Азия және ЕО-ның тарихи мүмкіндігі» атты халықаралық конференция өтті.
Вена дипломатиялық академиясында ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарудан азат әлем үшін Жаһандық көшбасшылар альянсы (ЖКА) Стратегиялық жоспарлау тобының екінші кездесуі өтті
Биыл 6 желтоқсанда Венада «Континенттер диалогы» халықаралық форумында ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарудан азат әлем үшін Жаһандық көшбасшылар альянсы Стратегиялық жоспарлау тобының екінші кездесуі өтті.
Солтүстік Қазақстан облысында инклюзия қалай дамып жатыр
Петропавлда Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранттық қолдауымен «АРДОС – Жүрек» мүгедектер бірлестігі іске асырған «Барлығына арналған инклюзивті білім беру» жобасы қорытындыланды. Биыл ол «Құқық, денсаулық және коммуникация — қазіргі әлемнің тұрақты дамуына бағдар» атты әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздарының бірі атанды.
Елордада жас ақындар мен жазушылар марапатталды
Нұрсұлтан Назарбаев Қорында дарынды жас ақындар мен жазушылар марапатталды. Мұнда «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Алматыда еліміздің үздік 80 студенті марапатталды
Бүгін Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік шәкіртақысын салтанатты табыстау рәсімі өтті. 80 жас осы оқу жылы бойы дербес стипендия алады. Стипендия иегерлері оқуда, шығармашылықта, ғылымда жоғары жетістігі бар және өз ЖОО-лары мен өңірлерінің өміріне үлес қосқан студенттер болып табылады.
Астанада «Тұңғыш Cup 2023» Ұлттық пікірсайыс гранд-турнирі өтті
Елордада студенттер арасында дәстүрлі «Тұңғыш Cup 2023» Ұлттық пікірсайыс гранд-турнир өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Еl Umiti» Қоры» КҚ ұйымдастырған турнир Astana Garden School мектебінде өтті.
Босса нова қазақ тілінде: танымал қазақстандық әнші теңдесі жоқ бірегей музыкалық жоба ұсынды
Елордада The Walls арт-кеңістігінде Полина Ханымның «Qazaq Bossa Nova» макси-синглінің тұсауы кесілді. Оған әлемге әйгілі «Garota de Ipanema» («Girl from Ipanema»), Insensatez (Стингтің орындауында белгілі, «Insensitive») және «Corcovado» композициялары кірді. Бірегей шығармашылық жоба Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранттық қолдауының арқасында жүзеге асты.
Түркістан мен Жамбыл облысында 4 оңалту орталығы ашылды
Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Қамқорлық» жаңа орталықтары ашылды
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты мемуарлық туындысы жарық көрді
«Меломан» және «Алматы Кітап» дүкендер желісінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты естелік кітабы сатылымға шықты.
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
Осыдан 32 жыл бұрын, 1991 жылы Қазақстанда тұңғыш рет жалпыхалықтық президент сайлауы өтті.