news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры XXI Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында өтетін республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының басталғанын хабарлайды. 2025 жылы байқау «Қазіргі әлемдегі жастар мен жасөспірімдерді қолдау: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбында өтеді.

Байқаудың мақсаты – жастардың өмір сүру сапасын жақсартуға, кәсіби дағдысын дамытуға, қауіпсіз ортаны қалыптастыруға және жасөспірімдердің цифрлық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған болашағы зор бастамаларды анықтау және қолдау.

Кімдер қатыса алады?

Байқауға коммерциялық емес ұйымдар, бастамашыл топтар, білім беру мекемелері және келесі салаларда жобалар жүзеге асыратын басқа да ұйымдар қатыса алады:

   • Жастардың кәсіби дамуы – тәлімгерлік бағдарламалары, кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналасуға дайындық.

   • Психологиялық қауіпсіздік және зорлық-зомбылықтың алдын алу – менталдық және сексуалдық денсаулық, буллинг пен кибербуллингке қарсы жобалар.

   • Цифрлық қауіпсіздік және медиа сауаттылық – жасөспірімдерді цифрлық қауіптер мен жалған ақпараттан қорғауға бағытталған бастамалар.

Байқауды өткізу мерзімдері

   • 2025 жылғы 1 наурыз – 30 сәуір – өтінімдерді қабылдау.

   • 2025 жылғы 5 – 12 мамыр – жобаларды бағалау, үздік 50 қатысушыны таңдау.

   • 2025 жылғы 21–22 мамыр – байқау финалы: үздік жобалардың онлайн тұсаукесері және жеңімпаздарды анықтау.

Қалай өтінім беруге болады?

Қатысу шарттары мен өтінім нысаны сілтеме бойынша қолжетімді.

Байланыс үшін:

   • Ершиманова Гүлнәр Орынбасарқызы

   • Телефон: 8 (727) 339-65-37

   • E-mail: innovaproekt@fnn.kz

ӘИЖ 2025 байқауына қосылыңыз – жастардың болашағын бірге құрайық!

Бөлісу