«8 оңалту орталығын және 2 ерте араласу орталығын жабдықтау » тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу тәсілімен алу туралы хабарландыру
«Қамқорлық Қоры» корпоративтік қоры БСН 200240009071 (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес, 8 оңалту орталығын және 2 ерте араласу орталығын жабдықтау 03/4-КФ үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді байқау тәсілімен сатып алуды жариялайды.
«8 оңалту орталығын және 2 ерте араласу орталығын жабдықтау » тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу тәсілімен алу туралы хабарландыру (Нәтижелер жойылды).
«Қамқорлық Қоры» корпоративтік қоры БСН 200240009071 (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес, 8 оңалту орталығын және 2 ерте араласу орталығын жабдықтау 02/4-КФ үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді байқау тәсілімен сатып алуды жариялайды.
Украин баспагерлері «Нұрсұлтан Назарбаев. Тарих сынағы» кітабының тұсаукесер рәсімін өткізді
Бүгін Нұр-Сұлтанда Игорь Шпак, Георгий Крючко және басқа да украиналық қоғам қайраткерлері шығарған «Нұрсұлтан Назарбаев. Тарих сынағы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Дариға Назарбаева оқу озаттарымен және танымал тиктокерлермен кездесті
Бүгін «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздары мен танымал титокерлер Алина Ким (@hommm9k) және Әбдіқадыр Наурызбек (avdi_senpai) Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаевамен кездесті.
Ел тірегі – Нұр-Сұлтан
«Қарасай ауданының білім беру қоры» корпоративтік қоры елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырып өткізді.
Елордада Отандық құқықтық жүйенің қалыптасуы және даму барысы талқыланды
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Нұрсұлтан Назарбаев Қорымен бірлесіп «Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің қалыптасуы және дамуы (ұлттық дәстүр мен шетелдік тәжірибе)» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласының 23 жылдығына арналды.
Римде Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың итальян тілінде жазылған «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті.
«Елбасы жылуы» қайырымдылық іс-шарасының екінші кезеңі басталды
Бүгін еліміздің аймақтарында «Елбасы жылуы» ауқымды қайырымдылық шарасының екінші кезеңі басталды. Бұл іс-шара Қазақсанның Тұңғыш Президенті – Елбасының бастамасымен ұйымдастырылған.
Қор стипендиаты Айдана Тайғұлы: Таңдаған мамандыққа деген қызығушылықты арттырыңдар
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты Айдана Тайғұлы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы «Телевизия режиссурасы» мамандығының 3-курсында оқи жүріп, «Қазақстанның үздік студенті» және «ТМД-ның үздік студенті» атақтарын иеленіп үлгерді. Сонымен қатар, ол ТМД елдерінің ғылыми және білім беру мекемелері арасындағы «Үздік жас ғалым - 2021» III Халықаралық кітап басылымы» жобасының І дәрежелі дипломын, студенттердің республикалық ғылыми жұмыстарының республикалық байқауында I орын иеленген. Ол – ғылыми мақалалардың авторы және Қазақстан мен шет елдерде өткізілген студенттердің бірқатар ғылыми конференцияларының жеңімпазы.
«Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері» көрмесі
2021 жылдың 8-10 қыркүйек күндері Алматы қаласында болатын «Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті: Қалыптасу мен дамудың 30 жылдығы» атты І халықаралық ғылым Форумы аясында «Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері» көрмесін (ең мықты жасалған тәжірибелік-құрастырушылық үлгілер мен ғылыми-техникалық жұмыстарды таныстыру) өткізу жоспарланған.
Қор стипендиаты Лия Югай: Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жас ұрпаққа өз талантын танытуға мүмкіндік беріп отыруының маңызы зор
Университеттегі баскетболдан әйелдер ұлттық құрамасының капитаны, баскетбол және стритболдан қалалық жарыстар мен турнирлердің белсенді қатысушысы. Әлеуметтануға ғылым ретінде қызығушылық танытады, музыкамен айналысады, фортепианода ойнайды, сурет салады, психологиямен әуестенеді. Осының бәрі әл Фараби атындағы ҚазҰУ «Әлеуметтану» мамандығының 4-курс студенті Лия Югаймен әдемі үйлесімде болып тұр.
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстанның Ослодағы Елшілігі және норвегиялық серіктестер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайн-семинар ұйымдастырды.
Халық генералы халық жадында
Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Рүстем Қайдаровтың құрметіне арналған әскери-тарихи конференция өтті. Жастарға рухани-патриоттық тәрбие беру аясында өткізілген іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «Генералдар кеңесі» РҚБ ұйымдастырған.
«Сауықтыру қызметі қолжетімді бола түсті», - Атырау тұрғындары «Қамқорлық» орталығы жайлы
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау қаласындағы балаларға арналған оңалту орталығы мен инклюзияны қолдау кабинеттерін (ИҚК) аралады.
«8 оңалту және 2 ерте араласу орталығын жабдықтау» бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді байқау тәсілімен алу туралы хабарландыру
«Қамқорлық Қоры» корпоративтік қоры БСН 200240009071 (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес, 8 оңалту орталығын және 01/4-КФ 2 ерте араласу орталығын жабдықтау үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді байқау тәсілімен сатып алуды жариялайды.
Қор стипендиаты Элданиз Гусейнов: Бәрі де қолыңыздан келеді!
Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендиаты Элданиз Гусейнов ғылыми және қоғамдық-саяси жұмыстарға бейім болып шықты. Ол – Қазақстан-Германия университетінің студенті. Сонда халықаралық қатынас мамандығын оқып жатыр.
«Қамқорлық» балаларды оңалту орталығы Батыс Қазақстан облысында ашылды
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.
Алматыдағы форумда сарапшылар цифрландырудың құқықтық қырларын талқылады
АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 2021 жылдың 18 маусымында «Цифрландыру дәуіріндегі құқық» атты IV Қазақстан-француз форумы өтті. Халықаралық іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институты және Қазақстан мен Францияның басқа да ұйымдары ұйымдастырған.
«Қамқорлық» оқыту орталықтарын жабдықтау» тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу тәсілімен алу туралы хабарландыру
«Қамқорлық Қоры» корпоративтік қоры БСН 200240009071 (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) 1-қосымша сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің тізбесіне сәйкес, байқау тәсілімен (бұдан әрі - байқау) «Қамқорлық» оқыту орталықтарын жабдықтау үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу тәсілімен сатып алудың жүргізілетінін хабарлайды.
Алматыда «Цифрландыру дәуіріндегі құқық» атты IV қазақ-француз форумы өтеді
АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. Ертең, 2021 жылдың 18 маусымында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Елшілігі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Сорбонна-Қазақстан институты «Цифрландыру дәуіріндегі құқық» атты IV қазақ-француз форумын өткізеді.