trend-img-fluid
БАҒЫТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Qamqorlyq

type-of-direction

Бағыт типі

Әлеуметтік

Әлеуметтік 

навигатор 

Бұл инклюзивты қоғам құруды дамыту және жынысына, жасына, ұлтына, мәртебесіне, физикалық және менталдық жағдайына бөлмей тең жағдай мен мумкіндік беруден тұратын бағыт.

Жауапты тұлғалар

trend-rounded-photo
Закиева Динара Болатқызы
Qamqorlyk бастамасының жетекшісі
kamkorlyk2019@gmail.com
trend-rounded-photo
Нұрханова Маржан Ерболқызы
Жоба менеджері
kamkorlyk2019@gmail.com
trend-rounded-photo
Еркінова Арайлым Еркінқызы
Жетекші үйлестіруші
kamkorlyk2019@gmail.com

Бастама сипаттамасы

Qamqorlyq – бұл жынысына, жасына, ұлтына, дәрежесіне, сондай-ақ физикалық немесе менталды күйіне қарамастан, барлық азаматтарға теңдей мүмкіндік туғызуды мақсат еткен инклюзивті қоғамды дамыту бағыты.

Қазақстанда бүгінгі таңда 5,7 миллион бала бар, оның ішінде 89 мыңға жуығы мүгедектік бойынша есепте тұр және 150 мың бала ерекше білім беруді қажет етеді. Олардың ата-анасы көбіне-көп білікті көмек пен сенімді ақпаратты қайдан және қалай алу керектігін білмейді. Осы себепті Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Qamqorlyq бастамасын қолға алды. Бұл бағыттың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдар сапалы көмек алып қана қоймай, белсенді қоғамдық өмірге жұмылдырылатындай мүмкіндігі тең қоғам құру.

Мұнда сіздер әрбір өңір бойынша ақпарат таба аласыздар. Медициналық және құқықтық қызмет көрсету аспектілері көрсетіліп, емдеу мен оңалтуға жолдама алу, мүгедектік, жәрдемақы рәсімдеу және қайта куәландырудан өту бойынша ұсынымдар беріледі. Сонымен қатар, сіздер ерекше балалардың ата-аналарына арналған қарапайым нұсқаулықтарды, инклюзивті білім берілетін мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен жалпы білім беретін мектептер жайлы ақпаратты таба аласыздар.

Бұдан былай, мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік инфрақұрылымды өз бетімен зерттеудің қажеті жоқ, себебі платформада көмек көрсететін мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар туралы деректер жинақталған, мекенжайлары, телефондары мен сайттары көрсетілген. Сонымен қатар тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында өтініш беріп, өзіңізді қызықтырған сұрақты қоюға, немесе сізді алаңдататын мәселені көтеріп, көмек сұрауға болады.

Бұл платформада біз көмекке мұқтаж жандардың, игі іс жасауға дайын қайырымды азаматтардың, меценаттар мен еріктілердің басын қосуға ұмтыламыз.

Біз Qamqorlyq  жобасы аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін пікірлес жандарды көптеп жинап, Қазақстандағы инклюзивті қоғамды дамытудың алғашқы тетіктерінің бірі болатынына шын жүректен сенеміз.

Әлеуметтік навигатор

Жобалар

8 оңалту орталықтарын құру

«Қамкорлық» оқыту орталығы» Әлеуметтік коворкинг орталығы

Инклюзияны қолдау кабинеттерін ашу

Мектепке жол

Аман Келешек

ҮЕҰ үздік жобалары

Әлеуметтік іс-шаралар

Әлеуметтік идеялар және жобалар жәрмеңкесі