Алматыда кәсіби балет туралы дәрістер салтанатты түрде аяқталды
«Мұндай дәріс пен спектакльді теледидарға түсіру керек», «Мұны неге түсірмеген? 50 жылдан кейін қайтадан көруге болады», «Мен керемет ләззат алдым», «Бұл моноспектакль дәріс, бұл дәріс фильм», «Бүгін теоретик, тарихшы және балетмейстер дүниеге келді». Алматыдағы Нұрсұлтан Назарбаев Қорында өткен Дамир Оразымбеттің «Өнер тәрбиесі» дәрістер циклінің көрермендері осындай пікір білдірді.