news-img

Қостанай қаласында екі айдан бері Жастар перспективалары орталығы жұмыс істеп келеді. Оны Елбасы Қорының «Zamannyn` ziatker jastary — vision of the future» әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің гранты арқасында «Рауан» қоғамдық бірлестігі іске асырды. Орталықта 18 бен 40 жас аралығындағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар жаңа мамандықтар игереді.

Орталықта желтоқсан айына дейін полиграфия, көгалдандыру, ас дайындау, ағашпен жұмыс істеу, қолөнер және құс өсіру бойынша курстар өткізіледі. Сондай-ақ тәлімгерлер сабын дайындауға, тоқуға, тігуге және сазбен жұмыс істеуге үйренеді.

Бастапқыда 30 адамды оқыту жоспарланған болатын. Алайда жаңа кәсіпті үйренгісі келетіндер саны көп болғандықтан, жоба қатысушылары  бірнеше топқа бөлінді. Әр топ екі ай оқиды.

Наталья Зубрицкаяның ұлы Роман білім алып жүргендердің бірі. «Жұмыспен қамту проблемасына ерекше қажеттіліктері бар адамдар жиі шалдығады. Бұл жоба мен үшін, яғни ерекше қажеттіліктері бар бала өсіріп отырған ана үшін өте маңызды. Мұнда жастардың жеке ерекшеліктерін ескере келе, жаңа тәжірибе беріледі», - дейді ана.

Көбінесе ерекше қажеттіліктері бар адамдар үйде оқиды, сол себепті  жұмысқа барғанда әріптестерімен тіл табысу қиынға соғуы мүмкін. Жоба бастамашыларының айтуынша, олардың тәжірибесінде мұндай жандарға түрлі мекеме мен еңбек ұжымдарында бейімделуге көмектескен жайттар болған. Осындай себептермен арнайы орталық ашу идеясы келген екен. Оның үстіне дәрісті қызметке орналасу кезінде өздері қиындыққа тап болған жас мамандар береді. Олар өз тәжірибесімен бөлісіп, болашаққа сеніммен қарауға күш бермек.

Түсініктеме қалдыру