Әлеуметтік және адами капиталды дамыту

««Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз».».
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан,
2005 жыл 18 ақпан ««Қазақстан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»»
Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық көзқарас қағидаттарын ұстана отырып, Қор ұзақ жыл бойы дарынды жастарды анықтау мен қолдауға, елдегі инклюзия мүмкіндіктерін кеңейтуге, денсаулық сақтау саласын дамытуға және әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылға арналған жобаларды жүзеге асырып келеді.
Әлеуметтік навигатор
Жобалар

«Kazakhstan Sociology Lab» әлеуметтанушылар мектебі
Қатысушылардың қазіргі әлеуметтану ғылымы, мәліметпен жұмыс істеу және цифрлық технология саласындағы білімін дамытуға арналған білім беру жобасы.

«Геронтология және қартаюға қарсы фармакология зертханасын құру» жобасы
Геронтология және қартаюға қарсы фармакология саласындағы озық әзірлемелер орталығына айналатын ғылыми-зерттеу базасын құру.

«Қамқорлық» ерте араласу орталықтары
Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік ерте араласу орталықтары ашылды. Олардың негізгі міндеті - мүгедектіктің алдын алу және дамуында ауытқуы бар немесе даму қаупі бар 0-3 жас аралығындағы балаларды қолдау.

Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасы
«Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы 2020 жылдан бері ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары үшін өткізіліп келеді. Олимпиада екі кезеңнен тұрады және ресми сайтта прокторинг жүйесін қолдану арқылы онлайн форматта өтеді.

«QH Аудандық оңалту орталықтары» аудандық оңалту орталықтары
Жоба Қазақстанның шалғай ауылдық аймақтарында ерекше қажеттілігі бар балалар мен олардың отбасын қолдауға арналған заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған.

«Smart Ustaz»
Қазақстандағы білім сапасын жақсартуға бағытталған онлайн білім беру платформасы. Ол педагогтар мен білім беру саласындағы қызметкерлердің қосымша құзыретін қалыптастыру және дамыту арқылы білім сапасын арттыруды мақсат тұтады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік шәкіртақысына арналған республикалық байқау
Бұл байқау 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және Қазақстанның дарынды жастарын қолдауға бағытталған. Шәкіртақы үлгерімі жақсы, белсенді азаматтық ұстанымы бар және болашағынан зор үміт күттіретін жас көшбасшыларды анықтау мақсатында тағайындалған.

«Геропротекторлық (геродиетикалық) бағыттағы функционалды тағам өнімдерін зерттеу, әзірлеу және өндіру» жобасы
Адамның жасына байланысты ауруларының (жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдром, остеопороз және нейродегенеративті патология) қаупін төмендетуді қамтамасыз ететін полифенолдарға негізделген функционалды тамақ өнімдерінің желісін құру және өндіру.

«Манкай (Wolffia globosa) негізінде функционалды тағам өнімдерін зерттеу, әзірлеу және өндіру» жобасы
Биологиялық жасты төмендетуге және жасқа байланысты патологиялардың қаупін азайтуға ықпал ететін су өсімдігі - Манкай (Wolffia globosa) негізінде функционалды тағам өнімдерін зерттеу, әзірлеу және өндіру.

Қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету
Бұл бағдарлама Қазақстан азаматтарын емдеу мен оңалту, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға қолдау көрсетеді.

«Ozyq Urpaq» мектеп мұғалімдеріне арналған робототехника бойынша оқу бағдарламасы
«Ozyq Urpaq» - Қазақстан мектептерінде робототехника үйірмесін ұйымдастыруға бағытталған ауқымды білім беру жобасы.

Мәдениет және өнер саласындағы іс-шараларға қатысуға жол шығындары өтеу гранттары
Бұл байқау - Қазақстанның жас таланттары үшін халықаралық деңгейде әлеуетін ашуға және жетістіктерін көрсетуге берілген бірегей мүмкіндік.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлығын алуға арналған байқау
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 2008 жылы дарынды қазақстандық жастарды қолдау және мойындау мақсатында арнайы сыйлық тағайындады. Бұл марапат еліміздегі ең беделді сыйлықтың бірі болып саналады және ғылым, мәдениет пен өнер саласындағы ерекше жетістіктер үшін беріледі.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі
Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі - бұл Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2008 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан бастамасы. Оның негізгі мақсаты - белсенді азаматтарды қолдап, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға көмектесу.

«Қамқорлық» аутизмі бар балаларға арналған орталықтар
Аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балаларға арналған 7 жеке даму орталықтары балаларға әлеуетін ашуға және қоғамға сәтті бейімделуге септігін тигізеді.

«QH Оңалту орталықтары» облыстық оңалту орталықтары
«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Қарағанды, Павлодар, Талдықорған, Петропавл, Жезқазған және Шымкент қалаларында нейро-ортопедиялық ауытқуы бар балаларға арналған алты оңалту орталығын ашу жобасы қолға алынған.

«Zere» мобильді қосымшасы
«Zere» - мектеп бағдарламасы мен қосымша білім беру пәндері бойынша білім алуға арналған білім беру тренажері.

Қазақстан өңірлеріндегі Қор жобаларының күндері
Бұл жоба 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және бүгінде Қазақстанның 14 өңірін қамтыды. Жоба аясында әлеуметтік және адами капиталды дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

«El Umiti» сыйлығы
Қазақстанның дарынды жастарын қолдауға және дамытуға бағытталған жоба. Жоба білімде, шығармашылықта, спортта және қоғамдық қызметте жетістікке жеткен белсенді, мақсатшыл әрі әлеуметтік жауапты жастарды анықтайды.

«Қамқорлық» оңалту орталықтары
«Қамқорлық» оңалту орталықтары мемлекеттік ауруханалар базасында ашылып, 18 жасқа дейінгі нейро-ортопедиялық ауытқуы бар балаларға кешенді көмек көрсетеді. Мұнда балалар медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау алады.

«Qolqanat» қайырымдылық акциясы
Жыл сайын Қазақстанның 2000-нан астам көпбалалы және аз қамтылған отбасы «Qolqanat» қайырымдылық акциясымен қамтылады. Әр отбасыға азық-түлік жиынтығы және бірінші қажеттіліктегі тауарлар беріледі.

«El Umiti Talent»
Олимпиаданың мақсаты - дарынды оқушыларды қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау және олимпиадалық резервті қалыптастыру.

«Qabilet» қызметі
Мектеп оқушыларының қабілетін диагностикалау және кәсіби бағдар беру жүйесі. Сонымен қатар, қабілетті балалар мен дарынды жастарды қолдау және олардың зияткерлік әрі тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған сүйемелдеу қызметін ұйымдастырады.