БАҒЫТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Халықаралық серіктестік

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың сыртқы саяси бейбітшілік бастамаларын насихаттау мақсатында және қолайлы халықаралық имидж қалыптастыру, ұқсас халықаралық серіктестермен достық және өзара тиімді қатынастарды нығайту мақсатында  Нұрсұлтан Назарбаев Қоры халықаралық ұйымдармен жүйелі жұмыс жүргізеді.

Жауапты тұлғалар

Жанатаева Зияда
Халықаралық бағдарламалар орталығы басшысының орынбасары
z.zhanatayeva@fpp.kz

Бастама сипаттамасы

Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаев Қоры  АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Корея Республикасы, Жапония, Испания және басқа мемлекеттердегі қоғамдық ұйымдармен сенімді қарым-қатынас орнатқан. Әр серіктеспен ынтымақтастық орнату барысында  мемлекеттер арасындағы екіжақты қатынастардың бірегейлігі және білім және ғылым, инновациялар мен жаңа технологиялар, әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық, аналитикалық құрылымдар арасындағы серіктестікті қамтитын ортақ негіз ескеріледі.  

Елбасының антиядролық бастамалары

Жаһандық қауіпсіздік, бейбітшілік және келісім идеяларын тарату - Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік саясатының іргелі негізі. Осы идеяларды халықаралық деңгейде насихаттау және талқылау - Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Қор жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының басты бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда жаһандық қауіпсіздік мәселелері айрықша маңызға ие, өйткені сарапшылардың пікірінше, негізгі ядролық державалар арасындағы сенімсіздік пен шиеленіс дағдарыстық деңгейге жақындады. Бұл көбінесе «ядролық клубтың» кеңеюіне, кейбір мемлекеттердің ядролық арсенал алуға талпыныстарына байланысты.

2019 жылы жүзеге асырылды:

Серіктестік туралы меморандумдарға  қол қою аясындағы іс-шаралар

2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Korea Foundation арасында серіктестік туралы  меморандумға қол қойылды. Келісімдер аясында Сеулде Наурыз фестивалі  ұйымдастырылып, қазақстандық «Ұлы Дала»  тобы  «Дударай», «Ақбаян», «Бір бала» және басқа да халық әндерін  жаңа өңдеуде көрермен назарына ұсынды.  Қазақстандық топ, сондай-ақ «Ариранг» корей ұлттық әнін шырқады.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматыдағы өкілдігі мен ӘЭСИ  басшылығы  «Орталық Азия - Корея Республикасы» ынтымақтастық форум Хатшылығының басшысы Лим Чул Вумен кездесті. Кездесуде жас интерндердің Қазақстан мен Оңтүстік Кореядағы жетекші «ой зауыттарында» халықаралық тағылымдамадан өту мүмкіндігі туралы ұсыныс айтылды. Сондай-ақ ұйым өкілдері екі елдің іскерлік ахуалын зерделеу үшін 25-35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерге тағылымдамадан өтуді көздейтін жастар бағдарламасын бастау идеясын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Санкт-Петербург мемлекеттік университеті арасында жасалған серіктестік туралы меморандумның аясында Қор өкілдері мен университет оқытушылары мен студенттерімен кездесу өтті. 

Қор өкілдігі

2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өкілдігі Ұлыбританияда ашылды. Бір жыл ішінде өкілдік Еуропада 20-дан астам іс-шараларды өткізді (дөңгелек үстелдер, көрмелер, фильмдер таныстырылымы және т.б.).

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры  мен британдық ғалымдар білім саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен Қор  бағдарламаларын іске асыру шеңберіндегі ынтымақтастық бойынша Лондон қаласында бірқатар кездесулер өткізді.

Британдық Кеңес басшылығымен, Кембридж университетінің ғылыми және білім беру орталықтарымен, қазақстандық-британдық қоғаммен, Лордтар палатасының мүшелерімен, сондай-ақ сонда оқитын қазақстандық докторанттармен және студенттермен келіссөздер жүргізілді.

Кездесулер барысында Қор басшылығы Нұрсұлтан Назарбаевтың екі жаңа бастамасының іске асырылуы туралы баяндады.  Біріншісі - «Ел үміті», бұл -дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдауға арналған жаңа жүйе. Екінші бастама - ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған «Қамқорлық» жобасы.

Кездесулер аясында Кембридж университетімен меморандумға қол қойылып, білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев қорының жеңімпаздары мен лауреаттарының стартап жобаларын қолдау туралы келісімге қол жеткізілді.

Робототехника, инженерлік орталықтар және өзінің мықты ғалымдарымен танымал Кавендиш зертханасы қазақстандық жастарға практикалық сабақтар өткізу үшін  өз базаларымен бөлісуге дайын. Дәл осы жерден 34 Нобель сыйлығының лауреаты шықты.

Сондай-ақ Қор делегациясы ерекше қажеттіліктері бар балаларға медициналық және әлеуметтік оңалту және инклюзивті білім беру аясында кездесулер өткізді.

Тағы бір кездесу «Chatham House» аналитикалық орталығының қабырғасында өтті. Бұл Пенсильвания университетінің ең мықты 10 ғаламдық рейтингісіндегі ең танымал ғылыми орталықтардың бірі (Global Go To Think Tank Index Report). Тараптар Chatham House бен Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Әлемдік  экономика және саясат институты (ӘЭСИ ) арасындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы

2019 жылы Қор Елбасының  "Тәуелсіздік дәуірі"  кітабын шетел тілдерінде шығаруды жалғастырды. Наурыз айында  "Тәуелсіздік дәуірі" Бразилияда португал тілінде жарық көрді, ал шілде айында кітап румын тіліне аударылып, Бухарест қаласында таныстырылды.

«Назначенный временем» деректі фильмі және «Ұлы Дала тарихы» кітабы

Халықаралық жобаларды жүзеге асыру барысында Қор делегациясы  Қазақстан мен оның Ұлт Көшбасшысы туралы имидждік фильмдер, кітаптар мен альбомдарды ұсынуды жақсы дәстүрге айналдырды. Лондон, Брюссель, Вена, Оттава, Торонто, Гаага және Загреб қалаларында Р. Кудояровтың Тұңғыш Президент-Елбасы туралы ағылшын және француз тілдеріндегі  «Назначенный временем» деректі фильмінің  премьералық көрсетілімі өтті.

Ал «Ұлы дала тарихы» кітабы Еуропада ең үздік деп танылды. «Ұлы Дала тарихы туралы кітап» Прагадағы «Card Couture Award-2019» фестивалінде ең жоғары наградаға ие болды. Кітаптың мазмұны, оны жасау кезінде пайдаланылған материалдар мен қызықты құрылыстың жоғары бағасының арқасында «Ұлы Дала Тарихы» «Үздік кітап» номинациясының жеңімпазы атанды.

Халықаралық іс-шараларға қатысу

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өкілдері үнемі ірі халықаралық шараларға қатысады (Венециандық комиссия отырыстары, қазақстан-француз форумдары және т.б.). Сондай-ақ әлем ғалымдарымен, оқытушылармен және студенттермен (Ұлыбритания, Ресей, Литва, Армения және т.б.) кездесулер өткізіледі.