
Глобальный альянс лидеров за ядерную безопасность и мир, свободный от ядерного оружия (ГАЛ)
Ядролық қауіпсіздік және ядролық қарудан азат әлем үшін жаһандық көшбасшылық альянсын (ЖКА) шақыру жөніндегі бастама Қазақстаннан бастау алады. Бұл ядролық полигон мен әлемдегі төртінші ең ірі әрі қуатты ядролық арсеналды мұра еткен елдің жаһандық антиядролық қозғалыстың тәуелсіз көшбасшысына айналған ерекше тарихына негізделген бастама.

«Smart Ustaz»
Қазақстандағы білім сапасын жақсартуға бағытталған онлайн білім беру платформасы. Ол педагогтар мен білім беру саласындағы қызметкерлердің қосымша құзыретін қалыптастыру және дамыту арқылы білім сапасын арттыруды мақсат тұтады.

«El Umiti» сыйлығы
Қазақстанның дарынды жастарын қолдауға және дамытуға бағытталған жоба. Жоба білімде, шығармашылықта, спортта және қоғамдық қызметте жетістікке жеткен белсенді, мақсатшыл әрі әлеуметтік жауапты жастарды анықтайды.

Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасы
«Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы 2020 жылдан бері ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары үшін өткізіліп келеді. Олимпиада екі кезеңнен тұрады және ресми сайтта прокторинг жүйесін қолдану арқылы онлайн форматта өтеді.

«El Umiti Talent»
Олимпиаданың мақсаты - дарынды оқушыларды қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау және олимпиадалық резервті қалыптастыру.

«Zere» мобильді қосымшасы
«Zere» - мектеп бағдарламасы мен қосымша білім беру пәндері бойынша білім алуға арналған білім беру тренажері.

«Qabilet» қызметі
Мектеп оқушыларының қабілетін диагностикалау және кәсіби бағдар беру жүйесі. Сонымен қатар, қабілетті балалар мен дарынды жастарды қолдау және олардың зияткерлік әрі тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған сүйемелдеу қызметін ұйымдастырады.

«Kazakhstan Sociology Lab» әлеуметтанушылар мектебі
Қатысушылардың қазіргі әлеуметтану ғылымы, мәліметпен жұмыс істеу және цифрлық технология саласындағы білімін дамытуға арналған білім беру жобасы.

«Қамқорлық» оңалту орталықтары
«Қамқорлық» оңалту орталықтары мемлекеттік ауруханалар базасында ашылып, 18 жасқа дейінгі нейро-ортопедиялық ауытқуы бар балаларға кешенді көмек көрсетеді. Мұнда балалар медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау алады.

«Қамқорлық» ерте араласу орталықтары
Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік ерте араласу орталықтары ашылды. Олардың негізгі міндеті - мүгедектіктің алдын алу және дамуында ауытқуы бар немесе даму қаупі бар 0-3 жас аралығындағы балаларды қолдау.

«Қамқорлық» аутизмі бар балаларға арналған орталықтар
Аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балаларға арналған 7 жеке даму орталықтары балаларға әлеуетін ашуға және қоғамға сәтті бейімделуге септігін тигізеді.

«QH Оңалту орталықтары» облыстық оңалту орталықтары
«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Қарағанды, Павлодар, Талдықорған, Петропавл, Жезқазған және Шымкент қалаларында нейро-ортопедиялық ауытқуы бар балаларға арналған алты оңалту орталығын ашу жобасы қолға алынған.

«QH Аудандық оңалту орталықтары» аудандық оңалту орталықтары
Жоба Қазақстанның шалғай ауылдық аймақтарында ерекше қажеттілігі бар балалар мен олардың отбасын қолдауға арналған заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі
Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі - бұл Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2008 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан бастамасы. Оның негізгі мақсаты - белсенді азаматтарды қолдап, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға көмектесу.

Мәдениет және өнер саласындағы іс-шараларға қатысуға жол шығындары өтеу гранттары
Бұл байқау - Қазақстанның жас таланттары үшін халықаралық деңгейде әлеуетін ашуға және жетістіктерін көрсетуге берілген бірегей мүмкіндік.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлығын алуға арналған байқау
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 2008 жылы дарынды қазақстандық жастарды қолдау және мойындау мақсатында арнайы сыйлық тағайындады. Бұл марапат еліміздегі ең беделді сыйлықтың бірі болып саналады және ғылым, мәдениет пен өнер саласындағы ерекше жетістіктер үшін беріледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік шәкіртақысына арналған республикалық байқау
Бұл байқау 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және Қазақстанның дарынды жастарын қолдауға бағытталған. Шәкіртақы үлгерімі жақсы, белсенді азаматтық ұстанымы бар және болашағынан зор үміт күттіретін жас көшбасшыларды анықтау мақсатында тағайындалған.

«Ozyq Urpaq» мектеп мұғалімдеріне арналған робототехника бойынша оқу бағдарламасы
«Ozyq Urpaq» - Қазақстан мектептерінде робототехника үйірмесін ұйымдастыруға бағытталған ауқымды білім беру жобасы.

Қазақстан өңірлеріндегі Қор жобаларының күндері
Бұл жоба 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және бүгінде Қазақстанның 14 өңірін қамтыды. Жоба аясында әлеуметтік және адами капиталды дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

«Qolqanat» қайырымдылық акциясы
Жыл сайын Қазақстанның 2000-нан астам көпбалалы және аз қамтылған отбасы «Qolqanat» қайырымдылық акциясымен қамтылады. Әр отбасыға азық-түлік жиынтығы және бірінші қажеттіліктегі тауарлар беріледі.

Қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету
Бұл бағдарлама Қазақстан азаматтарын емдеу мен оңалту, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға қолдау көрсетеді.

«Геронтология және қартаюға қарсы фармакология зертханасын құру» жобасы
Геронтология және қартаюға қарсы фармакология саласындағы озық әзірлемелер орталығына айналатын ғылыми-зерттеу базасын құру.

«Манкай (Wolffia globosa) негізінде функционалды тағам өнімдерін зерттеу, әзірлеу және өндіру» жобасы
Биологиялық жасты төмендетуге және жасқа байланысты патологиялардың қаупін азайтуға ықпал ететін су өсімдігі - Манкай (Wolffia globosa) негізінде функционалды тағам өнімдерін зерттеу, әзірлеу және өндіру.

«Геропротекторлық (геродиетикалық) бағыттағы функционалды тағам өнімдерін зерттеу, әзірлеу және өндіру» жобасы
Адамның жасына байланысты ауруларының (жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдром, остеопороз және нейродегенеративті патология) қаупін төмендетуді қамтамасыз ететін полифенолдарға негізделген функционалды тамақ өнімдерінің желісін құру және өндіру.

«Артефакт» ғылыми-іздестіру жобасы
Жобаның негізгі міндеттеріне жиналған материалдарды ғылыми айналымға енгізу, Тұңғыш Президенттің тұлғасын көрсететін тақырыптық топтамалар құру, сондай-ақ мәдени құндылықтарға кеңінен қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды пайдалану кіреді.

«Диалог өнері» көрме жобасы
Жоба мәдени, тарихи, білім беру және мемориалдық әлеуетті жүзеге асыру үшін жаңа қоғамдық алаңдарды дамытуға бағытталған.

«Дәуір жасампаздары/Замандастар» тарихи-мемориалдық жобасы
Жоба әлемнің, аймақтың, ұлттың тарих барысына әсер еткен оқиғалардың, қоғам мен мәдениеттің дамуына айрықша үлес қосқан тұлғаларды дәріптеп, тарихи маңызын айқындауға бағытталған.

«Ulttyq Qazyna» мәдени-ақпараттық жобасы
«Ulttyq Qazyna» мәдени-ақпараттық жобасы ұлттық құндылықтарды сақтау және келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында әзірленген. Бұл ұлттың бірегейлігін, сабақтастығы мен бірлігін қалыптастырудың маңызды элементі саналады.

«Aitys» бағдарламасы
«Aitys» бағдарламасы - баға жетпес рухани мұра ретінде айтыс өнерін жастар арасында жан-жақты дамытуға, жас ақын-импровизаторлардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған алаң.

«Тәуелсіздік дәуірі»
«Тәуелсіздік дәуірі» - Қазақстан тарихына қызығушылықты арттыруға және жастардың талдамалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған білім беру жобасы.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа» атты мемуарлық туындысы
«Мемуарлар жол көрсеткіші» порталы - Қазақстанның тарихи мұрасын сақтау және насихаттау мақсатында жасалған заманауи құрал. Бұл платформа дәстүр мен инновацияны біріктіре отырып, бірегей білімге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

«Debat Eli» ҚҚ
«Debat Eli» қоғамдық қоры 2024 жылы құрылған, бұл пікірсайысты ұлттық және халықаралық деңгейде дамытуға бағытталған Қазақстандағы жалғыз қор.

«Data Lab - Сарапшылар мектебі»
«Data Lab - Сарапшылар мектебі» - ғылыми-талдау орталығы. Оның мақсаты - сарапшыларды оқыту, зерттеулер жүргізу, Қазақстанның «жаңа» бейнесін ағылшын тілді сараптамалық, публицистикалық және ғылыми қауымдастықтарда қалыптастыру, сондай-ақ, еліміздің тәуелсіздік тарихына қатысты деректерді халықаралық деңгейде танымал ету.

«MuraJaily» музейлік подкасты
Жоба Қазақстан тарихы; музей экспонаттары, олардың шығу тегі, маңызы және олар туралы қызықты фактілер; отандық және әлемдік тарихта маңызды рөл атқаратын оқиғалар туралы білімді таратуға бағытталған.

«Ulttyq qazyna» экскурсиялық жоба
Жоба қатысушыларды қазақ халқының бай тарихына, мәдениеті мен дәстүріне баулуға арналған.

«Артефакт» ғылыми-іздестіру жобасы
Жобаның мақсаты архив, кітап және музей қорларын анықтау, толықтыру, жинақтау үшін ғылыми-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін көпшілікке танымал ету мақсатында жиналған материалдарды ғылыми зерттеу болып табылады.

«Диалог өнері» көрме жобасы
Жоба шығармашылық индустрияны, білім беру, өнер және мәдениет саласындағы жақын және алыс шет елдердің музейлерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға және мәдениетаралық байланыстарды дамытуға бағытталған.

Халықаралық ынтымақтастық: іс-шаралар 2024
Халықаралық ынтымақтастық. 2024 жылғы іс-шаралар

«Kazakhstan Sociology Lab» әлеуметтанушылар мектебі
Әлеуметтанушыларға баса назар аудара отырып, көп салалы бейіндегі зерттеушілерді дайындау. Жоба қатысушыларының мәліметтерді жинау мен талдаудың заманауи әдістерімен жұмыс істеу құзыреттілігі мен дағдыларын дамытуға бағытталған.

«El Umiti» Премиясы
Жоба жастардың кәсіп табуына, әртүрлі салаларда өздерін жүйелі түрде дамытуға, өзгелерге қамқор болуға, алға қойған мақсаттары мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қолдау және көмектесуге бағытталған.

Халықаралық ынтымақтастық: іс-шаралар 2023
Халықаралық ынтымақтастық. 2023 жылғы іс-шаралар

OZYQ URPAQ
Бағдарлама Қазақстан аумағындағы орта мектептердің робототехника пәні мұғалімдерінің біліктілігін көтеруге, оқушылардың роботтарды құрастыруға және бағдарламалауға қызығушылығын арттыруға бағытталған.

«Smart Ustaz» жобасы
Балалардың дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі ретінде педагогтың жеке ресурсын дамытуға ықпал ететін жоба.

Қазақстан тарихы бойынша «Тәуелсіздік дәуірі» республикалық олимпиадасы
Әркім өзін Қазақстанның басшысы ретінде сынап, елді басқарып көруге болатын білім беру жобасы.

«Мың бала» Ұлттық Олимпиадасы
Ауылдық жерлерде тұратын оқушыларды қолдау мен дамытуға бағытталған ұлттық ауқымдағы жоба.

Аутистік спектрі бұзылған және басқа да психикалық бұзылысы бар балаларға арналған 8 орталық
8 орталық 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі 1 000 баланы қабылдайды.

Инклюзивті фитнес орталығы
Ақмола облысы Қабанбай батыр ауылындағы екі залы бар инклюзивті фитнес-орталық - кәсіби спорттық құрал-жабдықтармен жарақтанған жаттығу залы және топтық сабақтарға арналған зал.

«ҚАМҚОРЛЫҚ» ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Мүгедектігі бар балалардың жылына 4 мыңға дейін көбеюіне және балалар мүгедектігінің алдын алу қажеттілігіне байланысты Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік ерте араласу орталықтары құрылды.

Халықаралық ынтымақтастық: іс-шаралар 2022
Халықаралық ынтымақтастық. 2022 жылғы іс-шаралар

Халықаралық ынтымақтастық: іс-шаралар 2021
Халықаралық ынтымақтастық. 2021 жылғы іс-шаралар

Халықаралық ынтымақтастық: іс-шаралар 2020
Халықаралық ынтымақтастық. 2020 жылғы іс-шаралар

Халықаралық ынтымақтастық: іс-шаралар 2019
Халықаралық ынтымақтастық. 2019 жылғы іс-шаралар

«Жеңістерге бірге» - «Вместе к победам» паралимпиадалық старт
Жоба 2017 жылдан бастап «Ұлттық Дельфий комитеті» КҚ-мен бірлесіп іске асырылуда. 2018, 2019 жылдары жобаның аумағы еліміздің 9 өңіріне дейін кеңейді.

«Жаңа көзқарас» республикалық фотокөрмесі
Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған француз фотографы Эрик Ваззолердің шеберлік сабағын, сонымен қатар олардың туындыларының фотокөрмесін өткізу.

«Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауы
Жобаны жүзеге асыру барысында музыкалық репертуарды кеңейту, отандық жас композиторлар мен ән авторларын қолдау мақсатында жаңа балалар әндерінің жинағы жасалады.

«Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы
Республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауы халықтың азаматтық бастамаларын жандандыруға және мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық және гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Робототехника бойынша ROBOCON республикалық чемпионаты
Цель Чемпионата - пропаганда среди молодёжи современных технических знаний, развитие стартап проектов и активное вовлечение студенчества в инновационную среду.

Birge oqý - қашықтан оқыту мектебі
Жоба мақсаты - «қала-ауыл» жағдайында балалардың білімдік және ақпараттық теңсіздігін қысқарту, балаларды қолдау және дамыту.

Инклюзияны қолдау кабинеттері
Өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде инклюзияны қолдау бойынша 16 кабинет ашылды

«Қамкорлық» оқыту орталығы» Әлеуметтік коворкинг орталығы
Әлеуметтік осал топтарға бағытталған инновациялар мен кәсіпкерлікті дамыту орталығы

15 оңалту орталығы
Оңалту орталықтары мемлекеттік ауруханалардың базасында ашылған және нейро-ортопедиялық бұзылысы бар 18 жасқа дейінгі балаларға кешенді оңалтуға көмектеседі.

«Үздік қазақ тілді интернет-сайт сыйлығы» байқауы
Интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттау және интернет ресурстардың саны мен сапасын жақсартуға үлес қосып жүрген отандық қазақтілді сайттарды қолдау мақсатында жыл сайын өткізілетін байқау.

«Кім Білгіш» мобильді қосымшасы
«Кім білгіш?» интеллектуалды ойыны мобильді қосымша түрінде ұсынылған, оның базасында әртүрлі тақырыптарға 35 000-нан астам сұрақ бар

«Менің Қазақстаным» мобильді қосымшасы
«Менің Қазақстаным» — еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі зор көпшілікке арналған мобильді қосымша.

Qazaq Latyn Keyboard жобасы
«Qazaq Latyn Keyboard» жобасы қазақ тілін латын пернетақтасы арқылы барлық мобильді қосымшаларда қалыпты қолдануға мүмкіндік береді.

“Жетi қазына” мобильді қосымшасы
«Жеті қазына» - қазақ халқының тарихындағы қызықты фактілер, аңыздары мен мәдени дәстүрлеріне арналған мобильді қосымша.

Qazaqstan 3D
«Qazaqstan 3D» - Қазақстанның ең танымал туристік орындары туралы ақпарат орналастырылған заманауи веб-сайт және мобильді қосымша.

Әлеуметтік іс-шаралар
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының әлеуметтік іс-шаралары мен қайырымдылық акциялары.

Аман Келешек
«Аман Келешек» — бұл мектеп оқушыларын спорт пен шығармашылыққа дағдыландыратын шеберлік сағаттарының инклюзивті фестивалі.

ҮЕҰ үздік жобалары
Қор қарамағында шамамен 5 мың үкіметтік емес ұйым бар және олар екі жүзден астам әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға көмектесті. Жобалардың ішіндегі ең маңыздысы "Әлеуметтік идеялар және жобалар жәрмеңкесі" аясында ұйымдастырылды.

Әлеуметтік идеялар және жобалар жәрмеңкесі
Бұл арасынан топ-үздік жобалар таңдалынатын коммерциялық емес ұйымдардың көрмесі мен тұсаукесері. Жеңімпаздар саны мен жобаны жүзеге асыруға кететін қаржыландыру сомасын байқау комиссиясы жобаның ерекшеліктеріне байланысты жеке анықтайды.

Smart Zholy бағдарламасы
Бағдарлама қазақстандық жас бағдарламашылар мен стартаперлерге арналған, олар өздерінің стартаптарын Азияның жетекші венчурлік қорларына ұсына алады, сондай-ақ халықаралық компаниялармен серіктестікте жаңа инновациялық өнімдер мен сервистер жасай алады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік шәкіртақылары
Шәкіртақы байқау қорытындысы бойынша дербес беріледі және жалпыға ортақ белгіленген шәкіртақыдан бөлек төленеді.

Ең Үздік Жас Ғалымдар Кеңесі
ҚР ғылыми ұйымдары мен ЖОО-да үздік ЖҒК атағын иеленуге арналған Қор байқауы.

«Science Slam» турнирі
Ғалымдардың интеллектуалдық тартысы форматында өтетін Қордың жаңа жобасы. Жоба ғылыми-танымдық форматта өтеді

Қордың ғылым, мәдениет және өнер саласындағы сыйлығы
Сыйақы байқау негізінде айрықша шығармашылық жобалар және соңғы ғылыми зерттеулерге беріледі.

Шығармашылық жобаларға гранттар
Шығармашылық жобаларға гранттар Қазақстанның мәдени мұрасын сақтап қалу мен дамыту мақсатында мәдениет пен өнердің жас қайраткерлеріне беріледі. Грант бөлу байқау негізінде жүзеге асырылады.

«ЖАСSTAR» Халықаралық фестивалі
Қордың шығармашыл жастарға арналған халықаралық фестивалі.

Қор Лауреаттарының Концерті
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлықтары мен грант иегерлері және Қазақстанның талантты әртістері қатысатын жыл сайынғы концерт

«Алтын Тобылғы» Сыйлығы
Сыйлық байқау негізінде 18-35 жас аралығындағы жас жазушылардың бұрын еш жерде жарияланбаған үздік жұмысы үшін беріледі.

Abaialemi.kz
Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы интернет-портал.

Тәтті алма
Жоба балаларға арналған көркем шығармалар жинағын, сондай-ақ мультфильмдер, ертегілер,жаңылтпаштар, жұмбақтар, конкурстар және ата-аналарға арналған арнайы бөлімді қамтиды.

Ұлы дала аңыздары
Отандық туындыларға арналған графикалық комикстер сериясы.

Resmihat.kz
Іскерлік әкімшілендіруде, мемлекеттік басқаруда пайдаланылатын мемлекеттік тілде іс жүргізуді сауатты жүргізуге, ресми-іскерлік қазақ тілін оқытатын ақпараттық-анықтамалық портал.

Bala.soyle
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қашықтан оқыту онлайн-сервисі.

Soyle.kz
Тегін онлайн қазақ тілі курсы.

Qabilet - оқушылардың қабілетін диагностикалау және кәсіптік бағдарлау қызметі
Қабілеттерді диагностикалау және кәсіби бағдарлау қызметі.

Елбасы Медалі
Жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады және 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі-2025 байқауы
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры XXI Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында өтетін «Қазіргі әлемдегі жастар мен жасөспірімдерді қолдау: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбындағы республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауына қатысуға шақырады.

Мәдениет және өнер саласындағы сапарларға арналған грант байқауы
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мәдениет және өнер саласындағы халықаралық және республикалық іс-шараларға бару үшін гранттар байқауын жариялайды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлығын алуға арналған байқау
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жас ғалымдар мен мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған сыйлық тағайындау жөніндегі республикалық байқауға өтінім қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Студенттік стипендиялар байқауы жарияланды
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры студенттік стипендиялардың кезекті республикалық байқауын жариялайды. Ол 2010 жылдан бастап жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі оқу бөлімі студенттерінің оқу, ғылыми және шығармашылық қызметін ынталандыру мақсатында өткізіліп келеді.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы - 2024
Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы - 2024

«Қайырымдылық керуені» байқауына өтінім қабылдау басталды
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы «Қайырымдылық керуені» байқауына қатысуға өтінім қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Студенттік шәкіртақы байқауына өтінім қабылдау басталды
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры студенттік шәкіртақының кезекті республикалық байқауын жариялайды.

Шығармашылық жобаларға арналған гранттар байқауы
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мәдениет және өнер саласындағы шығармашылық жобаларға республикалық гранттар жариялайды. Ол 2023 жылдың 11 маусымына дейін жалғасады.

ДӘСТҮРЛІ «АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ: ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Алтын тобылғы» әдеби байқауын ұсынады, жас ақындар мен жазушыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы – 2023
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Құқық, денсаулық және коммуникация - қазіргі әлемнің тұрақты дамуына бағдар» тақырыбында әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық байқауын жариялайды

ЖасSTAR Awards шығармашылық байқауы
Шығармашыл жастардың «ЖасSTAR» халықаралық фестивалі қатысушыларын қуантуға және таң қалдыруға әзір.

«ЖАСSTAR GRANTS PROGRAM» шығармашылық жобаларды іске асыруға арналған гранттар байқауы
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «ЖАСSTAR GRANTS PROGRAM» шығармашылық жобаларын іске асыруға дарынды жастарға арналған республикалық гранттар байқауын жариялайды.

«Алтын тобылғы» әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Алтын тобылғы» әдеби байқауын жариялап, жас ақындар мен жазушылардың танылуына мүмкіндік береді.

Студенттік шәкіртақы байқауы – 2022
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жыл сайынғы республикалық студенттік шәкіртақы байқауы басталды. Байқау 2022 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы – 2022
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Үйлесімді даму және бақытты балалық шақ - қазіргі заманауи негізгі басымдық» тақырыбында әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық байқауын жариялайды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Қайырымдылық керуені» ІV республикалық байқауының басталғанын жариялайды
Төртінші рет өткізіліп отырған «Қайырымдылық керуені» байқауы игі іс жасайтын, қол ұшын созатын жандарды анықтауға, халықтың азаматтық бастамасын жандандыруға және мейірімділік, гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

«Жастар Start Up» республикалық инновациялық бизнес-жобалар байқауы
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Тұран университеті, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстандық маркетинг қауымдастығы және «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры Сіздерді «Жастар Start Up» республикалық инновациялық бизнес-жобалар байқауына қатысуға шақырады. Іс-шара 2021 жылдың 10 қыркүйегінде Алматыда өтетін «Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті: қалыптасуы мен дамуына 30 жыл» атты I Халықаралық ғылыми форумның алаңында болады.

«Science Slam – Қазақстан»: жас ғалымдар байқауы
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жас ғалымдарды және зерттеушілерді республикалық «Science Slam – Қазақстан» байқауына қатысуға шақырады. Байқау 2021 жылдың 8-10 қыркүйегінде Алматыда «Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалды потенциалы: даму мен қалыптасуға 30 жыл» І халықаралық ғылым форумы аясында өткізіледі.

«Кім білгіш?»: жоғары сынып оқушылары арасында онлайн турнир басталады
Алтыншы жыл қатарынан жалауын көтерген «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойынына Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйытқы болып келеді. 9, 10, 11 сынып оқушылары түрлі саланы қамтыған білім бәйгесінде бақ сынайды. Есте сақтау қабілетін жақсартып, қиялды дамытатын бірегей сайыста әркім қалауына қарай қазақ, орыс және ағылшын тілінде қатыса алады.

Республикалық студенттік стипендиялар байқауы – 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры республикалық студенттік стипендиялар байқауына өтінім қабылдауды жариялайды.

"Алтын тобылғы" байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры еліміздегі ең үздік жас ақындар мен жазушыларды анықтайтын дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдеби байқауын жетінші рет ұйымдастырып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Назарбаев сыйлығын тағайындауға өтінімдер қабылдай бастағанын жариялайды
Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін берілетін Назарбаев сыйлығы:

«Жас ғалымдардың үздік кеңесі» республикалық байқауы
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры еліміздегі ғылыми ұйымдар мен ЖОО жанындағы Жас ғалымдардың үздік кеңесі атағына дәстүрлі байқау жариялады.

«Бала дауысы» алтыншы маусымы басталды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры және «Жандану әлемі» Қоры 8-ден 12 жасқа дейінгі дарынды балаларды «Бала дауысы» Ұлттық ән байқауының алтыншы маусымына қатысуға шақырады!

Жас ғалымдарға арналған гранттық байқау
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінде ғылым, технология және техниканың басым бағыты бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы ғылыми жобалар мен жас ғалымдардың еңбектерін қаржыландыруға арналған гранттарға байқау жариялады.

«Абай әлемі»
«Абай әлемі» ғылыми байқауы жарияланды

Әлеуметтік идеялар мен жобалар – 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Мемлекет және үкіметтік емес ұйымдар: тұрақты даму мүддесіндегі 30 жылдық бірлік және әріптестік» тақырыбына республикалық әлеуметтік идеялар және жобалар конкурсын жариялайды.

"El Úmiti" Сандық платформасы" ақпараттық жүйесін әзірлеуге IT байқау жарияланды
«Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры ақпараттық жүйені жүзеге асыру бойынша ең үздік ұсынысқа байқау жариялайды. Байқауға бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және іске асыру бағытында қызмет көрсететін отандық IT компаниялар шақырылады.

«Birge Oqý» қашықтан оқыту мектебіне мұғалімдер қабылдау туралы хабарлама
Елбасы Академиясы «Birge Oqý» қашықтан оқыту мектебіне мұғалім, үйлестіруші және тьютор қабылдау туралы байқау жариялайды.

«EL ÚMITI» онлайн платформасында «Qabilet» модулін жүзеге асыру байқауына өтініш қабылдау басталды
«Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры «Qabilet» модулін жүзеге асыру бойынша ең үздік ұсынысқа байқау жариялайды және жобаның серіктесі болуды ұсынады.

«Кім білгіш?» онлайн-турниріне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған интеллектуалды біріншілік 9, 10 және 11 сынып оқушыларына арналған.

Студенттік шәкіртақыны алуға арналаған байқау - 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры алдағы оқу жылына арналған республикалық студенттік шәкіртақы байқауын жариялады.

«EL ÚMITI» онлайн-платформасы үшін үздік идея таңдау конкурсы басталды
Байқауды өткізу мерзімі: 2020 жылғы 5 маусымнан 23 маусымға дейін (қоса алғанда).

Дарынды IT-мамандарға арналған байқау
«Smart Zholy» - бұл қазақстандық стартаптар мен дарынды бағдарламашыларға ірі әлемдік корпорациялармен бірлесіп сандық жобаларды құруға және Азия нарығына шығуға берілген бірегей мүмкіндік.

IT Байқау - «EL ÚMITI» онлайн платформасында «Елбасы Медалі» модулін жүзеге асыру үшін өтінімдер қабылдау басталды
«Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры «Елбасы Төсбелгісі» модулін жүзеге асыру бойынша ең үздік ұсынысқа байқау жариялайды және жобаның серіктесі болуды ұсынады.

«Mobile Blockbuster film festival» қысқа метражды фильмдер сайысы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен Қазақстанда «Mobile Blockbuster film festival» (MBff) қысқа метражды фильмдердің алғашқы фестиваль-байқауы басталды.

Өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді даярлау Бағдарламасы аясында қосымша іріктеу басталды
«Елбасы Академиясы» КҚ өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасының аясында қосымша іріктеу байқауын жариялайды.

«Болашақ ғалымдары» байқауы бойынша өтініштер қабылдау мерзімі 15 мамырға дейін ұзартылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры «Болашақ ғалымдары» республикалық конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімін 2020 жылдың 15 мамырына дейін ұзартты.

Жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жобалары мен жұмыстарын қаржыландыруға арналған гранттар байқауы
Байқау мақсаты – қазақстандық жас ғалымдардың импортты алмастыратын әлеуеті, жоғары инновациялық және әлеуметтік маңызы бар, келешегі зор ғылыми әзірлемелеріне қолдау көрсету.

"Жас толқын" республикалық олимпиадаға қатысу өтінімдерін қабылдау басталды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорында дәстүрлі көктемгі «ТІРЕГІ СЕНДЕР ЕЛІМНІҢ» фестивалінің аясында өтетін республикалық «Жас толқын» олимпиадасына қатысатын студенттік командалардан өтінімдер қабылдау басталды.

Студенттердің үздік ғылыми жұмыстарының "Болашақ ғалымдары" байқауы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдары бойынша студенттердің үздік ғылыми жұмыстарының республикалық "Болашақ ғалымдары" байқауын жариялайды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» ғылыми байқауы жарияланды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған студенттер мен магистранттар арасында «Абай әлемі» ғылыми байқауын жариялайды.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсы - 2020
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры «Тұрақты даму мүдделері үшін жаһандық проблемаларды локалды шешу» тақырыбына республикалық Әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсын жариялайды.

Тұңғыш Президент Қорының жыл сайынғы «Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы» байқауы ашық деп жарияланады
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры үздік қазақтілді интернет-сайт байқауына өтінімдер қабылдауды бастайды. Ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

«Кім білгіш?» онлайн-турнирі
6 қыркүйектен бастап «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында халықаралық онлайн-турнир бастау алады.

«Үздік жас ғалымдар Кеңесі» конкурсы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры еліміздің ғылыми ұйымдары мен жоо-дағы үздік жас ғалымдар Кеңесі атағына дәстүрлі конкурс жариялады.

II республикалық «Қайырымдылық керуені» конкурсы
«Қайырымдылық керуені» республикалық конкурсы (бұдан әрі- Конкурс» халықтың азаматтық бастамаларын белсендіруге және қайырымдылық, жанашырлық, қамқорлық және гуманизм секілді адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

«NUR-SULTAN QUEST 2019»
5 шілде күні сағат 14: 00-де "NUR-SULTAN QUEST 2019"қалалық квесті өтеді. Квест барысында қатысушылар финалдық кезеңге – жүлделер ұтысына қатысу үшін тапсырмалар мен басқатырғыштармен 9 негізгі кезеңнен өтуі қажет.

«Алтын Тобылғы» әдеби байқауы өтінім қабылдайды
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры 2019 жылғы 1 шілдеден бастап дәстүрлі «Алтын Тобылғы» әдеби байқауына өтінімдер қабылдауды бастайды.

«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты журналистер арасында халықаралық конкурс жарияланады
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Кітапханасы баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында белгіленген тақырыпқа арналған үздік материалға халықаралық шығармашылық ашық конкурс жариялайды.

Ғылыми зерттеулерге гранттар конкурсы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры 40 жасқа дейінгі жас қазақстандық ғалымдарға арналған ғылыми зерттеулерге гранттар конкурсын жариялайды.

Тұңғыш Президент Қорының студенттік шәкіртақылар конкурсы – 2019
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қазақстандық студенттерден дербес шәкіртақылар тағайындау конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғандығын жариялайды.

«Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019» – жас инноваторларға арналған конкурс
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жыл сайынғы республикалық «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019» конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғандығы туралы жариялайды.

«Жас толқын» студенттік олимпиадасы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорында «ТІРЕГІ СЕНДЕР ЕЛІМНІҢ» көктемгі фестивалінің аясында жыл сайын өтетін «Жас толқын» республикалық олимпиадасына қатысу үшін студенттік командалардан өтінімдер қабылдау басталды.

«Smart Zholy» байқауы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры Қазақстандық жас бағдарламашылар мен стартаптарға арналған Smart Zholy бағдарламасын үшінші рет ашады, олар өз жобаларын жетекші азиялық венчурлық қорлар мен корпорацияларға ұсына алады.

«The Planet of ART – 2019» фестиваль-конкурсы
«The Planet of ART – 2019» Халықаралық фестиваль-конкурсы 12-ден 17 жас шамасына дейінгі Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстанның талантты жастарының үш номинациялар: вокал, аспаптық музыка, хорегография бойынша шығармашылық потенциалын ашу үшін тағы да есігін ашады.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсы – 2019
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Zamannyn` ziatker jastary – vision of the future» тақырыбына әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсын жариялайды.

Мәдениет пен өнер саласындағы шығармашылық жобаларды қолдауға арналған грантты алуға байқау.
Мәдениет пен өнер саласындағы шығармашылық жобаларды қолдауға арналған грантты алуға байқау.

«Сапар шегуге гранттар» байқауы
Жас қазақстандық қайраткерлер мен шығармашылық ұжымдардың Қазақстан Республикасында және шет елдерде өткізілетін фестивальдерге, байқауларға, симпозиумдарға, шеберлік-класстарына, биеналға және конференцияларға қатысуына арналған «Сапар шегуге гранттар» байқауы.

«Болашақтың ғалымдары» атты студенттердің үздік ғылыми жұмысына байқау жарияланды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Болашақтың ғалымдары» атты студенттердің үздік ғылыми жұмысына байқау жариялады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ғылым мен өнер саласындағы сыйлықтарға конкурс жариялады
2018 ж. 17 қазаннан бастап 30 желтоқсанға дейің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ғылыми, мәдениет және өнер саласындағы сыйлығын алуға жылдық конкурс өткізеді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры «Жас ғалымдардың үздік кеңесі» атағына конкурс өткізеді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры еліміздің ғылыми ұйымдарында және жоғары оқу орындарында үздік жас ғалымдар кеңесі атағын алу конкурсының басталуы туралы хабарлайды.